Үндістанда халық қаржы реформасына қарсы наразылық білдірді

734

Үндістанда халық қаржы реформасына қарсы наразылық білдірді

Үндістанда қаржы реформасына қарсы ереуіл өтіп жатыр. Шеруді елдегі оппозициялық партия өкілдері ұйымдастырған. Халықтың бас көтеруіне 9 қарашадан бастап елдегі ең ірі қағаз ақша саналатын 500 және 1000 рупидің айналымнан алынып тасталуы себеп, деп хабарлайды 24 Хабар.

Билік мұндай қадамға көлеңкелі сауда және жалған ақша жасаушылармен күресу үшін барғанын айтып отыр. Енді тұрғындар айналымнан шыққан ақшаны банкке барып бір мезетте тек 2 мың рупиден ғана айырбастай алады. Немесе қаржысын есепшотқа салып, аптасына 24 мың рупиден шешіп алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл халық үшін тиімсіз болып тұр. Өйткені жаппай ақша айырбастау басталғалы банктерде ұзын-сонар кезек пайда болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу