Үндістан полициясы халықаралық кинофестивальде ұлттық әнұран шырқалған кезде орындарынан тұрмаған 12 адамды тұтқындады, деп хабарлайды сейсенбі күні АП агенттігі.
Агенттік Керала штатындағы Тируванантапурама қаласының полиция инспекторының сөзін келтірген. Ол тұтқындалған 12 адамның кепілмен босатылғанын мәлім етіп отыр.
Адамдар Үндістанның Жоғарғы сотының шешіміне орай тұтқындалды. Аталған шешімге сәйкес елдің ұлттық әнұраны әрбір кинокөрсетілім алдында шырқалып, ал оны көрермендер тұрып тыңдауға тиіс.
Бұған дейін мәлімделгендей, Ченнае қаласында оңшыл белсенділер әнұран ойналған кезде орнынан тұрмаған сегіз адамды соққыға жыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу