Ұнды дәрумендермен байытпаған кәсіпорындарға айыппұл салынады

1340

2019 жылғы 11 сәуірден бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер заңды күшіне енгеннен соң ұнға фолий қышқылы мен В тобындағы дәрумендер қоспаған кәсіпорындарға кем дегенде 100 АЕК айыппұл салынады.

Ұнды дәрумендермен байытпаған кәсіпорындарға айыппұл салынады

Ұнды фортификацияламаған кәсіпорындарға 250 000 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл шара темір жетіспеушілігінен туындайтын анемияға қарсы күрес аясында қолданылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар өңірінде темір жетіспеушілігінен туындайтын анемиямен ауыратындардың саны бес мыңнан асады. Олардың 43 пайызы – балалар. Аталған дерт ана мен баланың өліміне әкеп соқтыратын себептердің бірі ретінде атады. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина аталған дертті ана мен баланың өліміне әкеп соқтыратын себептердің бірі ретінде атады.

"Осы орайда біз ұнды фортификациялау, яғни оны дәрумендер мен минералдармен байыту стратегиясын таңдадық. Бұл – Қазақстандағы жалпыұлттық стратегия. Қазіргі кезде елімізде жоғарғы және бірінші сұрыптағы барлық ұн фортификациялануға тиіс" , – дейді Ирина Сорокина.

Ирина Сорокинаның айтуынша, осы бағытта едәуір ілгерілеушілік бар. Мәселен, 2018 жылы облыста ұн тартатын екі кәсіпорын фортификация жасаса, биыл мұндай диірмендердің саны онға жеткен. Заң бойынша мұндай кәсіпорындардың барлығы ұнды байытуға тиіс. Олай болмағанда кәсіпорындарға айыппұл салынады. 2019 жылы 11 сәуірден бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер заңды күшіне енгеннен соң ұнға фолий қышқылы мен В тобындағы дәрумендер қоспаған кәсіпорындарға кем дегенде 100 АЕК айыппұл салынады.

Сонымен бірге, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті нарықтағы азық-түліктің тұрғындарға қауіпсіздігін қадағалауда. Осы жұмысты жүргізу кезінде ресейлік MAKFA ұнындағы дәрумендері мен минералдардың деңгейі орамада көрсетілген шамадан төмен болғаны анықталды.

Айта кетейік, қазіргі кезде өңіріміздегі әлеуметтік нысандардың 100 пайызы, білім беру мекемелерінің 98 пайызы, ал денсаулық сақтау мекемелері 89 пайызға фортификацияланған ұнмен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу