Василий Левит "алтын жүлдесінің" сыйақысын әлі алмаған

1440

Василий Левит "алтын жүлдесінің" сыйақысын әлі алмаған

2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақ боксшы Василий Левит өзін жұлдыз ретінде сезінбейтінін айтты.

Ол өзіне деген қауымның назары уақытша құбылыс екеніне сенімді және өзін Ольга Шишигина, Серік Сапиев, Александр Винокуров сияқты чемпиондардың қатарына қоймайды. "Қарбалас бәсеңдейді. Маған әлі тынымсыз еңбектену керек", - деді спортшы қайырымдылық ас кезінде журналистердің сұрақтарына берген жауабында.

Сонымен қатар ол сыйақыны әлі алмағанын айтты.

"Әлі төлемеді, құжаттар түрлі инстанциялардан өтіп жатыр (...) Ақшаны қалай жұмсайтынымды сұрап жатыр. Пәтерімді жөндеуге, қаланы абаттандыруға және қаңғыбас иттердің панасына (үйіне) жұмсауым мүмкін (...). Шынымды айтсам, әлі білмеймін, ойланбадым", - деді Василий Левит.

Рио олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың әділетсіздігінен күміс медаль алған Василий Левитке алтын медальге берілетін 250 мың доллар көлеміндегі сыйақы беруді тапрсыған болатын.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу