"Узавтосаноат" пен "Фольксваген Груп Рус" жеңіл коммерциялық көлік шығарып, сату бойынша келісімге қол қойды. Жиззақтағы автозауытта жыл сайын 20 000 автокөлік құрастырылады. Көліктер дәнекерленіп, шанағы боялады. Өндіріске көлік бөлшектерін жасаумен айналысатын отандық өндірушілер тартылмақ.
Қазіргі уақытта "Узавтосаноатқа" тиесілі 30 ірі зауыт пен көлік өндірісіне үлес қосуға дайын 160 кәсіпорын бар.
Көрші елде Caddy-дің қай буыны шығарылатыны белгісіз. Таяуда таныстырылған үлгіде 110 ат күшіне ие 1.6 литрлік мотор жоқ. Ал ЕЭО елдерінде сатылатын MQB платформасындағы автокөлік 2021 жылдан ерте келмейді.
Олжас Оқас