Зергерлік бұйымдар мен сағаттар бағасы бір жылда 7%-ға өсті

688

Өнімнің басым бөлігі Алматыда шығарылды.

Зергерлік бұйымдар мен сағаттар бағасы бір жылда 7%-ға өсті

2021 жылдың қаңтар-тамызында елімізде 794,6 млн теңгеге зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдар шығарылды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,3%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі 61,5%-ды құрады.

Өңірлер бойынша өнімнің басым бөлігі Алматыда шығарылды: 429,1 млн теңгеге, жылына 2,5 есе өсті.  Сектордағы барлық өндірістің 54%-ы оңтүстік астанаға тиесілі.  Алдыңғы қатарлы үш аймақ қатында Қарағанды ​​облысы (124,4 млн теңге) және Нұр-Сұлтан (105,7 млн теңге) бар.

Мұндағы 409,3 млн теңге тікелей бағалы металдардан зергерлік бұйымдар өндірісі, 385,3 млн теңге – бағалы металдардан басқа бұйымдар, сондай-ақ табиғи немесе жасанды бағалы және жартылай бағалы тастар өндірісін құрады.

Жалпы 2020 жылы елімізде 825,6 млн теңгеге зергерлік бұйымдар шығарылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 9,6%-ға аз.

Биылғы жылдың қыркүйек айының соңында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы айына 0,3%-ға және жылына 7,1%-ға өсті. Оның ішінде қол сағаттары жылдық динамикада 9,1%-ға, алтын неке сақиналары 6,8%-ға қымбаттады.

Зергерлік бұйымдар мен сағаттар бағасының жылдық динамикадағы ең үлкен өсуін Ақмола облысының тұрғындары сезді – 22,2%. Сектордағы бағаның айтарлықтай өсуі Ақтөбе (жылына 17,7%) және Алматы (14,7%) облыстарда да тіркелді. Бағаның ең аз өсуі Шымкентте байқалды (2,1%-ға).

Ал Мәжіліс депутаттары зергерлік бұйымдар, асыл тастар мен металдар нарығында бақылаудың мүлде болмауына алаңдаулы.

Қазақстан зергерлер лигасы қауымдастығының мүшелері, отандық зергерлік бұйымдар өндірушілері "Ақ жол" демократиялық партиясына жүгінген. Олардың айтуынша, бұл саладағы көлеңкелі айналымның үлесі 90%-ға жетеді, оның ішінде өнімдердің өзі ғана емес, сонымен қатар бағалы металдар мен тастар айналымы да бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу