Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде 92 қылмыстық іс тіркеліп, 2,4 миллиард теңгеден астам келтірілген залал көлемінен 376,8 миллион теңге өтеліп, құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мүлік тәркіленіпті.
Жамбыл облысында 200-ден аса шаруа қожалық алаяқтардан зардап шеккен. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға байланысты шаруалардың бөлінген бюджет қаражатына қолжетімділігі және бюджет қаражатын ұрлаудың тиісті тәуекелдері бойынша бірқатар проблемалық мәселелер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Жағыпар Исатаевтың айтуынша, соңғы 6 жылда департаментте Қылмыстық кодекстің 189 (жымқыру) және 190-баптары (алаяқтық) бойынша 92 қылмыстық іс тіркелген.
2,4 миллиард теңгеден астам келтірілген залал көлемінен 376,8 миллион теңге өтеліп, құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мүлік тәркіленіпті.
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған сәттен бастап экономикалық тергеу қызметі бюджет қаражатын ұрлаудың ірі деректерін анықтауға жұмылдырылды. Мысал ретінде таңқурайдың элиталық сорттарын сатып алуға бөлінген субсидиялардың ұрлануын келтіргім келеді. Департамент жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша шаруа қожалықтарының егістік алқаптарында ауылшаруашылығы дақылдарының субсидияланатын сорттары табылмаған. Осылайша, қылмыскерлер мемлекеттен заңсыз түрде 900 миллион теңгеден астам субсидия алған. Сонымен қатар "Ауыл шаруашылығы техникаларын, машиналарын және жабдықтарын алу" мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары атынан алаяқтық арқылы заңсыз субсидия алған тұлғаларға 2023-2024 жылдары сот үкімдерді шығарды.
Бүгінгі таңда алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен шаруа қожалықтардың жалпы саны анықталды. Олардың саны 200-ден асады. Осы бағытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Жағыпар Қожахметұлы.
Бұл басқа салалардың қызметкерлерінен бір жарым есеге көп.