Жапон спортшысы айдынға Денис Теннің үлгісінде киініп шықты

923

Жапон спортшысы айдынға Денис Теннің үлгісінде киініп шықты

Денис Теннің Жапониядағы жанкүйерлері өте белсенді. Өткен жылы Денистің шоуы үшін Қазақстанға Жапониядан 200 туристің келуге дайын екені хабарланған еді. Ал Мисаки Эбина әзірлеген Денис Теннің бейнесі бар бір жарым метрлік панно Жапонияның мұражайына қойылды.  Жапония премьер-миинстрі Синдзо Абэ Денисті Жапония мен Қазақстан арасындағы достықтың символы деп атады. Сонымен қатар, Денис Тен аниме фильмдердің кейіпкері болып үлгерді. Ал жақында жапондық мәнерлеп сырғанаушы және Денистің өнеріне табынушы 22 жастағы Юуха Кавамура (Yuhka Kawamura) мұз айдынына Денис Теннің костюмінің көшірмесін киіп шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Кавамура Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының құрметіне өз қонжығын Денис Тен деп атаған және оны Дениспен бірдей етіп киіндіріп, кеудесіне Қазақстанның туын тігіп қойған. 

Сондай-ақ Кавамураның сәттілік әкелетін бойтұмарында Жапонияның емес, Қазақстанның туы бар. 

Өзін "кәріс ұлтынан шыққан қазақпын" деп атаған Денис Тен өзге мемлекеттерде Қазақстанды жақсы қырынан танытып келеді, оған жанкүйерлердің ыстық ықыласы куә. Спортшыға зор денсаулық және толағай табыстар тілейміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу