Жапонияға "Джондари" тайфуны төніп келеді

630

Шілденің басында көшкін мен тасқыннан 225 адам мерт болып, мемлекетке 76,7 млрд иен көлемінде шығын келген еді.   

Жапонияға "Джондари" тайфуны төніп келеді

Жапониялық әуе компаниялары "Джондари" тайфунына байланысты 32 ішкі рейсті тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшу кестесіне енгізілген өзгерістер негізінен Осака, Нагоя сияқты орталық қалалар арқылы өтетін бағыттар бойынша енгізілді. Өйткені аталмыш бағыттар бойынша тропикалық дауыл келе жатыр.

Бұл дауыл әуелде Жапонияны айналып өтеді деп болжанған. Алайда оның Жапонияның басты Хонсю аралы маңында бағыты өзгерді. "Джондари" сағатына 40км/сағат жылдамдықпен солтүстік-батыс бағытымен ұйтқып келеді.

Дауыл Жапонияның орталық және батыс бөлігімен өтуі ықтимал. Бұлай болған жағдайда ол Жапон теңізіне шығып, Корей түбегіне бағыт алады.

Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметтері бойынша, тропикалық дауылдың орталық бөлігіндегі желдің күші сағатына 40 км жылдамдықты құрайды. Екпіні метріне 50 км болады. Елдің батыс және орталық бөлігіне тәулігіне 250-ден 400 мм-ге дейін жауын жаууы мүмкін екендігі айтылды.

Айта кетейік, шілде айының басында "Прапирун" тайфунының әсерінен Жапонияға нөсер жауын жауып, соның салдарынан көшкін мен тасқын пайда болған еді. Табиғаттың дүлей күшінің салдарынан 225 адам мерт болып, мемлекетке 76,7 млрд иен көлемінде шығын келді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу