Жеке тұлғалардың мобильді ақша аударымдарына салық салынбайды

1338

Қаржы министрлігі депутат Мақсат Раманқұловтың мобильді ақша аударымдарына салық салу жүйесі қалай жұмыс істейді деген сауалына жауап берді. 

Жеке тұлғалардың мобильді ақша аударымдарына салық салынбайды

Күні кеше депутат онлайн-аударымдарға салық енгізу қоғамда түсініспеушілік туғызып жатқанын айтып еді. Депутат тіпті бұл жүйеден кәсіпкерлермен қоса, қарапайым халық зардап шегуі мүмкін деген болатын, деп хабарлайды Аtameken Business. Бірақ Қаржы министрлігі онлайн-аударымдарды фискализациялау салықтың жаңа түрі емес деп отыр. Бұл – кәсіпкерлердің кірісті дұрыс көрсету, сатылған тауарларға фискалды чектерді уақытылы беру үшін жасалып жатқан шара дегенді алға тартты. Жыл басынан бері мобильді ақша аударымдарына салық салу жүйесімен 20 мыңнан астам бизнес иесі жұмыс істеуді бастаған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу