Жергілікті полиция қызметі "Тұрмыс" жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде

1204

Жергілікті полиция қызметі "Тұрмыс" жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде

Шара "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн!" атты республикалық акция аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

"Жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты: отбасы – тұрмыстық  қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ, тұрмыс саласындағы қылмыстарға жол бермеу", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Тәртіп сақшылары жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында халық арасында ҚР заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу