"Астана Банкі" АҚ лицензиясынан айырылды

1544

Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы, соған байланысты депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады.

"Астана Банкі" АҚ лицензиясынан айырылды

"Астана Банкі" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды  бас банктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкі басқармасы "Астана Банкі" АҚ-ны "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңда көзделген негіздер бойынша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге 2015 жылғы 20 сәуірде берген № 1.1.32 лицензиядан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк төрағасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған "Астана Банкінің" барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшіліктің қызметі банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жалғасады.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап тоқтатылды.

Енді бас банк заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа "Астана Банкінің" қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді.

Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы, соған байланысты депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу