"Астана LRT" ЖШС орталық кассасы қызмет көрсету терезелерінің санын көбейтеді. 6 терезеге тағы 4 қызмет көрсету терезесі қосылмақ, осылайша 10 техникалық қызмет көрсету терезесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
12 қарашадан бастап орталық кассаның мекенжайы өзгертіледі. Жаңа мекенжай: Қошқарбаев көш., 50/1.
Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.
Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен.