"Астана" футбол клубына бас бапкер тағайындалды

626

"Астана" футбол клубына бас бапкер тағайындалды

1 маусымнан бастап "Астана" футбол клубының бас бапкері қызметіне латвиялық "Венспилс", одессалық"Черноморец"және әзірбайжандық "Габала" ұжымдарында қызмет атқарған украиналық маман Роман Григорчук тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Роман Иосифович үш түрлі клубпен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман: латвиялық "Венспилс", одессалық"Черноморец" және әзірбайжандық "Габала" (екі рет). 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен  аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдамаалған болатын.  

Одан бөлек украиналық маман үш мәрте Латвия чемпионатында топ жарып, екі мәрте балқан түбегі елінің Кубогында жеңіске жеткен. Және де Әзірбайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған.

Ал жекелей марапатқа келер болсақ, Григорчук үш мәрте Латвияның үздік бапкері атанып, Украина және Әзірбайжанда бір реттен осы жетістікке қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу