"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) директорлар кеңесі жиынының аясында "Астана1 халықаралық қаржы орталығы биржасы" АҚ құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
АХҚО биржасының стратегиялық серіктестері – Шанхай қор биржасы және NASDAQ қор биржасы. Шанхай қор биржасымен акционерлік келісімге қол қойылды. Ал NASDAQ қор биржасы техникалық платформамен қамтамасыз етпек. Екі биржа әлемнің ең ауқымды 5 биржасының қатарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу