"Астық-транс" вагон тапшылығына қатысты пікір білдірді

873

"Астық-транс" вагон тапшылығына қатысты пікір білдірді

Бидайдың жетіспеуінен Оңтүстіктегі бірқатар кәсіпорындар бүгін жұмысын тоқтатты. Ал, кейбірі қордағы соңғы шикізатты өңдеп жатыр. Вагон мәселесі бір-екі күнде шешілмесе, ірі зауыттар уақытша жабылып қалады. Күңгейдегі кәсіпкерлердің мәселесіне қаныққан "Астық-Транс" басшылығы Астанадан Шымкентке шұғыл жетті. Компания президенті Рамазан Айғайбеков өңір кәсіпкерлерімен меморандумға отырып, мәселе жуық арада шешілетін болды, деп хабарлайды tvk-uko.kz.
Қазір, облыстағы ұн өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі "Алтын Дән" зауыты толық қуатпен жұмыс жасай алмай отыр. Себебі, қамбадағы бидай қоры таусылуға шақ қалған. Жақында 20 вагон шикізат жеткізілгенімен, оның өзі үш күнге жетеді екен. Егер жуық арада мәселе оң шешілмесе, зауыттың толығымен тоқтап қалу қаупі бар.
"Бірінші диірменнің тоқтап тұрғанына бір ай болды. Екінші диірмен тоқтайын деген кезде кеше 20 вагон бидай келді. Ал, оның алдында екі апта мүлдем бидай болған жоқ", - дейді "Алтын Дән" ЖШС директорының орынбасары Болат Бисенбаев.
Аталған проблема облыстағы 50-ден астам зауытты тығырыққа тіреп отыр. Жұмыссыз қаламыз,-деп шырылдаған кәсіпкерлер транспорт мәселесін өз бетінше шешуге тырысқан. Бірақ, вагон таппай екі ай сандалыпты. Ақыры нәтиже шықпағасын биліктен араша сұрауға мәжбүр болыпты.
Тасымалға жауапты "Астық-Транс" компаниясының президенті Шымкентке арнайы келді. Жергілікті кәсіпкерлермен кездескен Рамазан Айғайбеков, вагондар жуық арада жолға шығатынын айтты. Сондай-ақ, ол Ақтау портында біраз уақыттан бері жүктің түсірілуін күтіп тұрған мыңдаған вагонның жұмысы ретке келтірілгенін мәлімдеді. Ал, тағы мың вагон Ресей Федерациясы мен Орталық Азияда отандық тауарды экспорттап жатыр,- дейді.
"Менің бұл жерге келгендегі мақсатым, сіздермен меморандум түзгім келеді. Екіжақты жауапкершілікті жауапкершілікті бекітіп, бірге жұмыс жасайық. Мен сіздерге уәде беремін. Қараша, Желтоқсан айларында сіздердің тапсырыстарыңыз бұрынғысынша қабылданады. Сондай-ақ сіздің өңірде бидай тасымалына қатысты проблема болмайды", - дейді "Астық-Транс" президенті Рамазан Айғайбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу