"Атакент" аумағы қала меншігіне қайтарылды

1025

"Атакент" аумағы қала меншігіне қайтарылды

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясының қорытындысы негізінде "Атакент" Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы" арасындағы 23 гектар жер учаскесін уақытша жалға алу жөніндегі келісім күшін жойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы "Атакенттегі" жер учаскесі 54,1 гектарды құрайды. Оның 31 гектары жеке меншікте, ал 17 гектарында түрлі сауда, мейманхана және спорт кешендері орналасқан.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі барлық құқықтық құжаттарды тексеруде. Игерілмеген 14 гектар жерге шектеу қойылған.

Дегенмен,мақсатты негізде салынған көрме павильондары немесе өзге де нысандарды сүру жоспарда жоқ.

Еске салсақ, атқарушы компанияның Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы "Атакенттің" айналасын дамыту туралы өздеріне алған міндеттемелерін орындамауы салдарынан Алматы әкімі Бауыржан Байбек жалға беру келісімін тоқтату және қоғамдық кеңістік жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселені әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу