"Байқоңыр" ғарыш айлағына туристік жолдама жарты миллион теңге тұрады

997

"Байқоңыр" ғарыш айлағына туристік жолдама жарты миллион теңге тұрады

"Қазақстан мен Ресейдің құзырлы органдары "Байқоңыр" ғарыш кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарламаны әзірлеп, бекіткелі бері екі елдің туроператорлары "Байқоңырда" болып қайтуға ресми түрде шақыра бастады. Мысалға, "авиациялық-ғарыш туризмінің жетекші туроператоры" саналатын ресейлік компания 2017 жылдың 20 ақпанына белгіленген "Союз" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылымын өз көзімен көруге өтінімдерді қабылдауды бастады. Стандартты екі орындық номерге билет құны бір адамға 95 мың рубльді құрайды, қазақстандық валютамен есептегенде - 500 мың теңге. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап еліміздің аэроғарыш комитеті мәлім етті.

"Байқоңырдан басқарылатын ғарыш кемелерінің ұшырылымына турларды ұйымдастырып жүргенімізге көп болды. Біздің туристер жылына төрт рет аталмыш турларға қатысуға мүмкіндік алады. Осы уақытқа дейін "Байқоңырдағы" турларға әлемнің барлық жерінен 150 адам қатысты. Бүгінгі күні ресейлік космонавтиканы насихаттауды белсенді жалғастырудамыз және ғарыш туризмін дамыту үшін барынша күш-жігер салып келеміз", – деп мәлімдеді туроператор.

Туристерге "Байқоңыр" ғарыш айлағына төрт және алты күндік турлар ұсынылуда. Олар ұшырылым алаңында, музейде болып, ғарыш кемесінің ұшырылымын бақылауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ режімді нысанның барлық ережелерін қатаң сақтай отырып, Байқоңыр қаласына саяхаттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу