"Денсаулық" пойызы жыл соңына дейін 130-дай стансаға барады

1288

Ал "Саламатты Қазақстан" пойызы қызметімен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғай аудандарындағы 57 стансаны қамту жоспарланып отыр.

"Денсаулық" пойызы жыл соңына дейін 130-дай стансаға барады

Қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында Қазақстанның шалғай темір жол стансаларын аралауға "Саламатты Қазақстан" және "Денсаулық" пойыздары аттанды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтемемен atr.kz.

"Денсаулық пойыздарының" жолы Қостанай және Маңғыстау облыстарынан басталды. 2018 жылы "Денсаулық" медициналық пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарын аралай отырып, 71 стансаға барады. Ал "Саламатты Қазақстан" пойызы қызметімен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғай аудандарындағы 57 стансаны қамту жоспарланып отыр.

Бұл жобаны ҚР денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктері , "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Әлеуметтік жобалар қоры" корпоративтік қоры жүзеге асыруда.

Аталған пойыздардың персоналы шалғай станса, бекеттерде тұратын халыққа мамандандырылған әлеуметтік және медициналық көмек көрсететін болады. Тұрғындар терапевт, педиатр, невропатолог, көз дәрігері, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сынды білікті дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады.

Пойыздар заманауи диагностикалық жабдықтармен, атап айтқанда, диагностикалық жүктемелік сынақтар жүргізу үшін кардиологиялық мониторлық жүйемен, компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, сонымен қатар соңғы үлгідегі рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтармен жарақталған.

Еске сала кетейік, "Медициналық пойыздар" жобасы алғаш рет 2010 жылы басталған болатын. Осы уақыт аралығында консультативтік-диагностикалық пойыздар республиканың барлық облыстарынан 1 326 стансаның тұрғындарын қараған. Мамандар 379 мыңнан астам қазақстандықты, соның ішінде 8 3806 баланы тексеруден өткізген. Дәрігерлік қабылдаудың жалпы саны 2,5 млн-ды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу