"Е-қылмыстық іс" бағдарламасы пилоттық сынақтан өткізіледі

1550

"Е-қылмыстық іс" бағдарламасы пилоттық сынақтан өткізіледі

Бас прокуратурада ведомствоаралық жиналыс өтті, онда Жоғары соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, МҚІСҚА өкілдерімен  бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның пилоттық сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР БП баспасөз қызметі.

Жоба елбасының елімізде сандық технологияларды дамыту туралы жолдауы аясында жүзеге асырылуда.

Осы мақсатпен Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюджеттен қосымша шығынсыз "Е-қылмыстық іс" бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.

Жақып Асановтың айтуынша, цифрлық технологияларға көшкен жағдайда, қоғамның жанына батып жүрген біраз проблемалары шешіледі. Олар өздігінен жойылады. Сондықтан осыған қатты мән бөлініп отыр.

Бағдарламаның сапалы енгізілу мақсатында осы жылы 11 тамызында жоғарыда аталған ведомстволармен бірлескен бұйрыққа қол қойылып, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

15 тамызынан бастап бағдарламаны бірінші болып Астанада және Жамбыл облысында, 10 қыркүйектен бастап – Атырау және Шығыс Қазақстан, ал 20 қыркүйектен бастап – Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу