"Эк Алпар" ЖШС жұмысшыларына 2 миллион теңге қарыз

1363

Қазіргі таңда Екібастұз қаласының ІІБ еңбекақыны төлемеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Эк Алпар" ЖШС жұмысшыларына 2 миллион теңге қарыз

Екібастұз қаласындағы "Эк Алпар" ЖШС-нің 32 жұмысшының алдындағы қарызы 2 млн теңгені құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Мекеме 2017 жылы қаңтар айында қызметін тоқтатқан, - дейді Асқар Қапанов. - Аталмыш кәсіпорын бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен тексеріс жүргізіліп, заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілген. Заңды тұлға айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда Екібастұз қаласының ІІБ еңбекақыны төлемеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған".

Спикер "Эк Алпар" ЖШС Павлодар облысы бойынша жұмыскерлеріне қарызы бар жалғыз кәсіпорын екенін атап өтті.

"Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, банкрот атанған 7 кәсіпорын бойынша 126 жұмысшының алдындағы жалақы қарызы 31,1 миллион теңгені құрады. Кəсіпорындар 2011-2018 жылдар аралығында құрылған. Қазіргі таңда аталған жұмыс орындары мамандардың жіті бақылауына алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі ұшжақты аймақтық комиссия отырыстары мен проблемалы кәсіпорындар жөніндегі жұмыс топтарының жиындарында атқарылады. Осы жылдың кезеңінде облыс аумағында еңбек қатынастарының бұзылуы фактілері анықталған жоқ", - дейді Асқар Қапанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу