"Ел үлесі – пәтерге!" акциясы аясында тағы бір отбасы баспаналы болды

1041

"Ел үлесі – пәтерге!" акциясы аясында тағы бір отбасы баспаналы болды

"Көкшетау" мәдениет сарайында Мәуліт мерекесі тойланды. Кеш барысында "Науан хазірет" мешіті мен жергілікті "Зекет" қорының өкілдігі бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан "Ел үлесі – пәтерге!" акциясы аясында жалғызбасты, көпбалалы анаға Краснояр кентінен екі бөлмелі жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды muftyat.kz.

Кәсіпкер Борис Козлов 500 мың теңге табыс етсе, ал Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Кенжетай Байкемелұлы отбасының есеп шотына 200 мың теңге қаржы аударатынын айтты.

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев мешіттің "Ел үлесі — пәтерге!" бастамасын көпшілік болып қолдауға шақырды.

Бұл биыл мұқтаж жандарға берілген үшінші пәтер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу