"Қазақстан темір жолы" АҚ жеті активін саудаға шығарды

1186

"Қазақстан темір жолы" АҚ жеті активін саудаға шығарды

19 қазанда 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары аясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жеті кәсіпорны алғашқы электрондық аукционға шығарылады. Бұл туралы мәліметті "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратты.

Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталына темір жол саласының көліктік- экспедициялық қызметі, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар шығарылды. Олардың ішінде "Бас –Балқаш 2004" ЖШС, "МАК-Екібастұз" ЖШС, "Көлік қызметі орталығы" АҚ, "Рауан Бурабай" ЖШС, "Магистраль-Қызметі" ЖШС, "Қазэлектрпривод" БК" ЖШС, "Аймақтық форвард логистика" ЖШО бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу