"Қазақстан" телеарнасы мен "Республикалық радио" басшылығы ауысты

1281

"Қазақстан" телеарнасы мен "Республикалық радио" басшылығы ауысты

"Қазақстан" РТРК" АҚ  жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. 2017 жылдың 24 ақпанындағы "Қазақстан" РТРК" АҚ Директорлер Кеңесінің шешімімен Мәди Манатбек "Республикалық радио" ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды, деп жазады "Қазақстан" РТРК" АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті.

Мәди Манатбек 2012-2013 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. "Республикалық радио" ЖШС "Қазақстан" РТРК" АҚ-нан құрылған радио хабарларын тарату бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорын және оның құрамына Қазақ радиосы, "Шалқар, "Астана", "Classic"  атты төрт радиоарна кіретінін хабарлаймыз.

Әшімов Асқар Тұрғанбайұлы "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ол әр жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ Атырау облыстық филиалының директоры, "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының бас режиссері қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ның Аймақтық даму дирекциясының директоры тағайындалды. Бұл лауазымға бұрын "Қазақстан" РТРК" АҚ Шығыс Қазақстан және Ақмола облысы бөлімшелерінің директоры қызметінде болған Дүйсенов Арсений Кеңесұлы бекітілді.

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасының директоры қызметін осы уақытқа дейін атқарған  Ағыбаев Жанахмет Жәнібекұлы Атырау облыстық бөлімшесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сонымен бірге, Қоғамның аймақтардың дамуы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Ысқақов Ильяс Башарұлының және осы уақытқа дейін "Республикалық радио" ЖШС Бас директоры қызметін атқарған Өтеғалиев Досымбек Қонысбекұлының  өкілеттіктері  тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу