"Киелі Астана" картасы дайындалады

770

"Киелі Астана" картасы дайындалады

Астана әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды elorda.info.

Бағдарлама жобаларының бірі - Қазақстан астанасының тарихи-мәдени мұраларын біріктіретін "Киелі Астана" картасы болмақ. Ермек Аманшаевтың айтуынша, Астана өлкесінде көне түрік кезеңіне жататын археологиялық нысандар бар. Демек, бұл елордадағы барлық ескерткіштер "киелі картаға" енуі керек және тарихи-мәдени мұраларды тереңінен зерттеу үшін жұмыс тобы құрылуы тиіс дегенді білдіреді. Оның құрамында біздің ғалымдар, археологтар, тарихшылар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері болады. - Жалпы, "Киелі Астана" елорда өмірінің бірнеше компоненттерін біріктіреді. Өйткені киелі карта - бұл бір жағынан, өлке тарихын зерттеудің баға жетпес көзі, екіншіден, өз жеріне, елордасына деген сыйластық пен патриоттық сезімнің қалыптасуына негіз болады. Үшіншіден, туристік кластердің креативті құрамы болуы керек. Сондықтан да "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жұмыстарды жандандыру қажет, - деді Ермек Әмірханұлы. Мұндай шаралардың ішінде "Бозоқ" қалашығына мәдени-ғылыми экспедиция жасау, жас өлкетанушылардың қалалық слеті мен форумы, білім мекемелерінде "Туған жер - рухани жаңғыру" тақырыбында сынып және кураторлық сағаттар өткізу, тағы да басқалар. Сонымен қатар жиналыста Астананың жас патриоттар клубы мен қаланың "Рухани жаңғыру" шығармашылық интеллигенциясының кеңесін құру айтылды. Топ құрамында мәдениеттанушылар, тарихшылар, өнер қайраткерлері, археологтар және қаланың талантты, жасампаз жастары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу