"Кинематография туралы" заң жобалары мен түзетулер туралы ілеспе заң мақұлданды

991

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. 

"Кинематография туралы" заң жобалары мен түзетулер туралы ілеспе заң мақұлданды

Депутаттар Қазақстан үкіметі әзірлеген "2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев парламент мәжілісі депутаттарының сауалдарына жауап бере отырып, экономиканың мақсатты өсуін қамтамасыз ету үшін жобалық басқару жүйесінде әр сала бойынша индикатор қойылған 12 бағыт, яғни 8 салалық және 4 өтпелі бағыт анықталғанын айтты. Жобалық кеңсе министрліктер мен әкімдіктерде де құрылған.

Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының Жолдауында қарапайым заттар экономикасы мен әлеуметтік экономиканы, яғни денсаулық сақтау, білім беру және қызмет көрсету салаларын дамыту туралы тапсырма бергенін еске салды. Осылайша, президент Ұлттық банкке экономиканы несиелендіруді бастау үшін 600 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.

Бүгінгі күні үкімет қаржыгерлер қауымдастығының қатысуымен Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банк өкілдерімен, "Атамекен" ҰКП-мен бөлінген қаражатты экономикаға тарту механизмі туралы келіссөздер жүргізді.

Негізгі параметрлер анықталды: бұл қаражат мерзімділік, төлем және өтеу шарттарымен берілуі тиіс. 600 млрд теңгенің 300 млрд теңгесі Ұлттық банктен, қалған 300 млрд теңгесі Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан болмақ. Негізгі мөлшерлеме 11% деңгейінде белгіленеді (яғни, БЗЖҚ-ның қаражаты нарықтық мөлшерлемемен бөлінеді), ал қосымша 4% — екінші деңгейлі банктердің пайызы, себебі негізгі тәуекелді банктер көтереді. Барлығы 15% болады. Бұл нарық үшін де, бизнес үшін де ауыр.

Осыған байланысты "Бизнестің жол картасы" аясында мемлекет 7 пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды, яғни шағын және орта бизнес үшін 8 пайыз деңгейінде болады. "Атамекен" ҰКП-мен бірге түрлі салалардағы 4 мыңнан астам жоба тізімі жасалды. Екінші деңгейлі банктер өздерінің жоба бойынша ұсыныстарын беруді аяқтап қалды.

Премьер-министр 600 млрд теңгенің 300 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, 200 млрд теңге агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібіне, 100 млрд теңге шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталатынын айтты. Қазіргі уақытта басым бағыттар анықталуда. Осы жылдың қараша айында тиісті құжаттар дайындалады, желтоқсан айының басында жобалардың дайындығына байланысты екінші деңгейлі банктер қаржыландыруға кіріседі. 2018 жылы Ұлттық банк 100 миллиардтан астам теңге бөлген болатын.

Жиын соңында премьер-министр депутаттарға үш жылдық бюджет жобасының қабылданғаны үшін алғыс білдірді.

Бұдан өзге, парламент мәжілісінің отырысы барысында депутаттар "ҚР Ұлттық қорынан 2019–2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады. Оған қоса, "Кинематография туралы" заң жобалары мен түзетулер туралы ілеспе заң мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу