"Қошқар-ата" қалдық қоймасын қалыпқа келтіруге 1,7 миллиард теңге бөлінеді

2042

"Қошқар-ата" қалдық қоймасын қалыпқа келтіруге 1,7 миллиард теңге бөлінеді

"Қошқар-ата" қалдық қоймасын қалыпқа келтіруге 1,7 млрд теңге бөлінеді. Жобаның техникалық- экономикалық негіздемесіне сәйкес, республикалық бюджет комиссиясы тұжырымдаманы бекіткен.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Азиядағы ядролық кооперация форумының министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесінде журналистерге энергетика министрі Қанат Бозымбаев осындай ақпаратты жеткізді. Енді құжат қос палатаның талқысына берілуі тиіс. Қаржы 3 жылға қаралмақ.

Маңғыстау облысындағы "Қошқар-ата" қалдық қоймасын тазалау мәселесі 2003 жылдан бері қозғалып келеді. Бүгінде онда жиналған мұнай мен түрлі химиялық қалдықтар көлемі 43 шақырмға жеткен. Қазір қалыпқа келтіру шарттарына сәйкес, көлде жасыл қорғаныс айлағын құру жоспарланып отыр. Яғни, учаскелерге инертті топырақ төселіп, ағаштар отырғызылады және радиоактивті ластану деңгейі қадағаланады. Әзірге қоймаға жылына 6,2 млн текше метр тазартылған су жіберіліп келеді.

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:

"Қалыпқа келтіру жұмыстарын 2018 жылы бастаймыз деп отырмыз. Техникалық-экономикалық негіздемесі түзілген. Бюджеттік комиссия оны бекітті, енді жоба Мәжіліс пен Сенат алдына жібереледі. Егер біз сұраған қаржы бөлінсе, онда Маңғыстау әкімдігімен қаңтардан бастап, алғашқы дайындыққа кірісеміз. Экологиялық ластанған аймақтарды тазартып, көл маңын қалыпқа келтіру қажет. Радиоактивті заттыр көміледі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу