Назарбаев зияткерлік мектептері күн панелімен жарақтандырылады

934

Назарбаев зияткерлік мектептері күн панелімен жарақтандырылады

Елордада жаңартылатын энергия көздері бойынша өткен халықаралық саммитте Қазақстандағы "Шелл" концернінің вице-президенті әрі төрағасы Оливье Лазар еліміздегі күн және жел электр станциялары жобаларына инвестиция беру мүмкіндігі туралы айтты.

"Біз күн және жел энергетикасы саласындағы жобаларға өнеркәсіптік көлемде инвестиция беру мүмкіндігін қарастырамыз және инвесторлар үшін қолайлы заңнамалық базаны құру жолымен республиканың үкіметі тарапынан одан арғы қолдауына сүйенеміз", - деді ол баяндамасында.

Shell өкілінің айтуынша, Қазақстан жаңа энергетикалық болашақтың жолында белсенді шараларды қолданып отыр және ол үшін барлық деректер қолында бола тұра, елде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін айтарлықтай күш-жігерін жұмсауда.

"Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды әлеуетіне ие. Мұнда жел мен күн энергиясының жетіспеушілігі жоқ. Оларды жаңартылатын энергия көздері саласындағы тұрақты жобаларды іске асыру үшін пайдалануға болады", - деп санайды Оливье Лазар.

Сонымен қатар, Лазар жақын арада  астаналық "Назарбаев зияткерлік мектептері" күн панельдерімен жарақтандырылатынын хабарлады.

"Бір ай бұрын біз энергетика министрлігімен, әкімдікпен бірге "Назарбаев зияткерлік мектептеріне" күн панельдерін орнату туралы шартқа қол қойдық. Бұл көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын өте қызықты жоба", - деді Оливье Лазар.

Айта кетсек, "Шелл" компаниясы  Қазақстанда бүгінгі күні Қарашығанақ пен Қашаған сияқты ірі жобаларға миллиардтаған инвестиция салып, екі онжылдықтан бері жұмыс істеп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу