"Проммашкомплект" екінші кезекті іске қосады

731

"Проммашкомплект" екінші кезекті іске қосады

Тақыр жерде бой көтерген "Проммашкомплект" зауыты толық қуатта жұмыс істеп тұр. Бүгінде Әзербайжан, Молдова елдерімен әріптестік байланыс орнатты. Зауыттағы станоктардың барлығы дерлік Аустрия, Беларусь, Германия, Италия, Швейцария және көршілес Ресейден жеткізілген.  Теміржол дөңгелектері мен бағыттық аударма (стрелочный перевод) әзірлейтін Қазақстандағы бірден-бір зауыт жылына 46 мың дөңгелек шығарады, яғни еліміздегі сұраныстың 60 пайызын өтеуде.  Зауыт басшылығы қажет мамандарды оқу комбинаттары, колледж, жоғары техникалық оқу орындарымен келісе отырып, өздері дайындайды. 

Айта кетерлігі, өткен жылы Проммашкомплект" ЖШС Еуропа теміржол техникасы ассоциациясынан халықаралық теміржол өнеркәсібі стандарты – IRIS сертификатын иеленді. Бұл зауыттың жоғары экспорттық мүмкіндігінің көрсеткіші. 

Зауыттың бас директоры Станислав Цупаның мәліметіне сүйенсек, зауыттың жылына 75 мың дөңгелек шығаруға әлеуеті жетеді. Ағымдағы жылы зауыттың екінші кезегі іске қосылмақ. Егер бұл жоба жүзеге асырылса, өндіріс көлемі екі есе ұлғаяды, яғни жылына 200 мың дөңгелек шығаруға мүмкіндік бар. Ең бастысы, 400 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу