"СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" екі мұнайшысы қайтыс болды

1245

"СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" екі мұнайшысы қайтыс болды

 "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ екі қызметкері қайтыс болды. Жазатайым оқиға Ақтөбе облысы Жаңажол кентінде орын алған.  Бұл туралы  "Мой город" порталына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлады.

Алдын ала нұсқа бойынша вахта қызметкерлері арақтан уланған. Қазір істің мән-жайын еңбек жөніндегі инспекторлар анықтауда.   Жұмыс беруші бір ғана адамның қаза тапқаны туралы  хабарлама бергенімен, артынша тағы бір адамның қайтыс болғаны адам туралы да хабарланған.

"Кеше таңертең 11-де "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның 4-разрядты көмекшісі Жайылғанов  қайтыс болды. Бұл Жаңажол кен орнында болды. Жаңа әзірде департамент директорымен сөйлестім, түнде мәйітті ашқан. Жұмыс орнында арақ ішкен болуы мүмкін. Қазір бәрі нақтылануда. Әзірге бір адамға ғана қатысты құжаттар ресми түсті", – деді облыстың еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы Жолмұрат Жұбаназаров.

Ресми емес деректерге сүйенсек, бүгін Жаңажолдан өзін жайсыз сезінген тағы бір жұмысшы жеткізілді. Алайда бұл ақпарат нақтыланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу