Бортында жаңа экспедиция мүшелері бар ресейлік "Союз МС-05" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті, деп хабарлайды egemen.kz.
"Союз МС-05" кемесі "Рассвет" атты модульдің тіркегішіне жалғанды",-деп хабарлады "Роскосмос" өкілдері. Айта кетейік, зымыран тасымалдағыш Байқоңырдағы "Гагарин алаңынан" 28 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21-41-де ұшты. 9-,5 минуттан соң кеме жер маңындағы орбитаға шықты. Кеме қысқартылған 6 сағаттық кесте бойынша ұшты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу