"Тіл керуені" фестиваліне 100-ден астам адам қатысты

1022

"Тіл керуені" фестиваліне 100-ден астам адам қатысты

Торайғыр көлінің жағасында қазақ тілін үйретуге жағдай жасау мақсатында этноауыл құрылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аталмыш фестиваль мемлекеттік тілді оқыту бойынша жазғы жобаның соңғы кезеңі болды. Оған тілді меңгеруге ниет білдірген кез келген адам және өзге ұлт өкілдері қатысты.

"Соңғы екі жылдың ішінде осы жобаның арқасында 200-ден астам адамға қазақ тілін үйреттік. Дегенмен мұндағы басты мақсат – тілді үйретумен  ғана шектеліп қалу емес, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны сақтап қалу. Өз жұмысымызда оқытудың дәстүрден тыс – ойын, киіз үйдің ішінде сабақ өткізу, ұлттық музыкалық аспаптар мен ұлттық тағамдар даярлау сияқты түрлерін қолдандық", - дейді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Оспанова.

Фестиваль қонақтарын тоғыз киіз үй күтіп тұрды. Оның жанында бауырсақ және сірне (бағланның етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын қазақтың дәстүрлі асы) әзірлеу бойынша шеберлік сынып ұйымдастырылды.  Кез келген адам тәжірибелік сабақтарға қатысып, шеберлер аллеясында киіз басу, сазбен жұмыс істеу және ағаш ою мүмкіндіктеріне ие болды. Павлодарлық суретшілер дайындаған суреттер галереясында Баянауылдың көрікті жерлері бейнеленген жұмыстар ұсынылды. Бұдан басқа, плэнер барысында әркім Торайғыр көлін қағазға түсіруге тырысты. Этноауылда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та болды. Ол қалашықты аралап шығып, "Тіл керуені" жобасының қатысушылары ұйымдастырған концертті тамашалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу