"Углерудная" станциясында жылжымалы құрамның осьтерін санаудың жоғары технологиялық жүйесі енгізілді

1382

Осьтерді санау жүйесі сенімді жол учаскелерінің бос болуын бақылауды қамтамасыз етеді. Әрбір дөңгелектің өтуі кезінде сигнал беріледі және осьтің өтуі есептеледі. 

"Углерудная" станциясында жылжымалы құрамның осьтерін санаудың жоғары технологиялық жүйесі енгізілді

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ инновациялық құрал-жабдықтар енгізуде, деп хабарлайды компания.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинаттың "Углерудная" станциясында "Frauscher" компаниясынан жылжымалы құрамның осьтерін санаудың жоғары технологиялық жүйесін енгізу жөніндегі жобасы аяқталды. Осы жобаның қаржысы шамамен 320 млн теңгені құрады. 

Осьтерді санау жүйесін орнатудың негізгі мақсаты – поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету шығындарын азайту. Осьтерді санау жүйесі сенімді жол учаскелерінің бос болуын бақылауды қамтамасыз етеді. Әрбір дөңгелектің өтуі кезінде сигнал беріледі және осьтің өтуі есептеледі. Жұмыстағы іркіліс кезінде жүйе бірден қорғау күйіне ауысады және диспетчердің көрсеткіш тақтасына учаскенің бос еместігі туралы сигнал береді. Орнатылған жабдықтардың бір атап айтарлығы, электр энергиясы сөндірілген жағдайда ол өз бетімен жұмыс істей алады. Үздіксіз қоректендіру көзі сынуды уақытында жою жүйесінің орта есеппен шамамен 4 сағатты алатын жұмысын қамтамасыз етеді. Жүйенің артықшылықтары: ең көп функционалдығы, стандартты бағдарламалық  интерфейс, аса жоғары үнемділік.

2019 жылы осы жобаны кәсіпорынның басқа да темір жол станцияларында енгізу жоспарлануда.

"Бұл инновациялық құрал-жабдықтар станциялар жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Осьтерді санау жүйесін енгізу – кәсіпорынның темір жол станцияларын кейіннен жаңғыртуға бірінші қадам. Бұл бағыттамалар және сигналдармен басқарудың  микропроцессорлық орталықтандыруын, диспетчерлік орталықтандыру және станцияларды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін орнату. Өткен жылы біз бұл жобаны "Входная" станциясына енгіздік және нәтижесіне разы болдық. Бұл жоба "АрселорМиттал Теміртау" АҚ барлық темір жол көлігі жұмысына өте оң әсер ететініне сенімдімін", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖКБ бастығы Андрей Шевченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу