"Жайық-Каспий" бассейнінде биыл 40 тоннадан астам балық заңсыз ауланған

1211

"Жайық-Каспий" бассейнінде биыл 40 тоннадан астам балық заңсыз ауланған

Батыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаушылар бірінен соң бірі ұсталуда. Мұнда 1 айға жетпейтін уақыт ішінде 18 браконьер қолға түскен, деп хабарлайды abctv.kz.

"Құқықбұзушылардың барлығының ісі сот органдарына жолданды. Инспекторлар браконьерлер құрған 78 ау мен 1 тоннадан астам балықты тәркіледі", – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Талғат Ілиясов.
"Жайық-Каспий" бассейнінде биыл 40 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленген. Құқық қорғау органының өкілдері 200 қайығы бар аса ірі ұйымдасқан қылмыстық топты ұстаған. Олардан 10 тонна қара балық алынған. Тіпті Құрманғазы ауданындағы қылмыстық топ құрамында Ресей азаматтары, жергілікті жоғары лауазым иесі мен кәсіпкер болған. Енді олар заң алдында жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу