Йеменде қарулы қақтығыс кезінде 50 адам қаза тапты

764

 Йеменде қарулы қақтығыс кезінде 50 адам қаза тапты

Йеменде үкімет әскері мен хуситтер арасындағы қақтығыста 50 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті әскерилерге сілтеме жасап, Xinhua агенттігі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, билік әскері бой көтерген хуситтерге қарсы шабуылды бейсенбіде бастаған. Сол кезден бері 20 әуе соққысын жасады. Оларға Сауд Арабиясы басқаратын коалиция жақтасып болысқан. Қақтығыстардан йемендік 17 жауынгер мен хуситтердің 31 сарбазы қаза тапқан. Әскери операциялар арқылы билік жасағы хуситтерді Қызыл теңізге қарай ығыстырып, Ходейда портты қаласын өз бақылауына алуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу