2018 жылы криптовалюта нарығын не күтіп тұр

Данил Тумашевич Данил Тумашевич
3129

Әлемде 1300-ден астам криптовалюта бар. Инвестиция үшін қайсысын таңдау керек, қай криптовалюта танымал және қайсысы әлсіреуі мүмкін екені жайлы аbctv.kz шолуында.

2018 жылы криптовалюта нарығын не күтіп тұр

Atameken Business шетелдік басылымдардағы 2018 жылы инвестиция салу үшін тиімді криптовалюта жайлы мәліметтерге сараптама жасап, рейтингтен бес үздікті анықтады. Олардың ішінде: washingtonpost, marketwatch, medium, microsmallcap, биткоин (BTC) бар.

Биткоин (ВТС). Үкіметтік реттеу салдарынан әлсіреу
Гарвардтың экономика профессоры Кеннет Рогофф биткоин үкіметтің реттеуі салдарынан әлсіреуі мүмкін екенін айтып отыр.

"Ірі көлемдегі жасырын төлемдер салық жинауды немесе қылмыстық қызметке қарсы әрекетті қиындатып жіберуі мүмкін, сондықтан қаржылық жасырын қауіп сайып келгенде биткоинды құлдырататын ортаны құрады", – дейді ол.

Биткоин анау айтқандай мүлдем жасырын емес. Желідегі барлық транзакция толығымен ашық көрсетілген және кез келген қызығушылық танытқан адам егер оның жеке ақпараты онлайн-дүкенде көрсетілген болса, биткоин-мекенжайды нақты бір адаммен байланыстыра алады.  

Үндістанда адвокат Бивас Чаттерджи Калькуттск сотына биткоинның Үндістанға ағыны мен жылыстауын ретке келтіру туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды cointelegraph.com.

Адвокат өзінің өтінішінде биткоин көбінесе заңсыз мақсатта қолданылады, сондықтан оны реттеу керек немесе Қытай сияқты тыйым салу керек деп жазды. Әсіресе биткоинды қадағалап отыру қиын, ал бұл оны заңсыз қаржылық операциялар үшін тиімді құрал етеді. 

"Биткоин – қылмыс жасау үшін ең тиімді құрал. Оның жасырын болу салдарынан құқық қорғау органдары криптовалютаға қатысты қылмысты ашу кезінде кедергілерге тап болуда"

Ripple (XPR). Үлкен проблемаларды шешетін кішкентай компания. 

Нарықтық капиталдандыру: 90 млрд доллар. 2017 жылғы динамикасы: +33000%. Құрушылар: веб-әзірлеуші Райан Фуггер, бизнесмен Крис Ларсен және бағдарламашы МакКалеб. Биржалар: BitFinex, Poloniex, Kraken, Bittrex, Exmo, Hitbtc.

Ripple криптовалютасы 2012 жылы жарыққа шықты. Биткоинға толығымен қарама-қайшы және халықаралық банк несиелерінің нарығын жаулап алуды жоспарлап отыр. Компания ақша аударымы бойынша әлемнің ең ірі бес компаниясының үшеуі 2018 жылы онлайн-аударым жасауда Ripple технологиясын пайдаланбақ. Бүгінгі күні басқа елге ақша аудару бірнеше күн уақытты алады. Бірақ Ripple бұны төрт секундта іске асырмақ.

Crypto Oracle  инвестициялық компаниясының венчурлі капиталисі Лу Кернер Ripple компаниясы туралы: "Мен Ripple компаниясын үлкен проблемларды шешетін кішкентай компания ретінде  жазған едім. Содан кейін маған қоңырау шалу көбейді де, капиталдандыру 40 млрд долларға дейін көтерілді", – деді.

Ripple компаниясының бас директоры Брэд Гарлингхаус өз болжамында егер 2017 жылы ICO-ы (монета.алғаш орналасу-автор.еск) туындаған болса, онда 2018 жылы олар жойылатын болады. Қазірдің өзінде әлемдегі реттеуші органдар барлық заңсыз ICO алаяқтарымен және оның артында тұрған адамдармен күресуді бастады.

Мысалы Қазақстанның блокчейн және криптовалюта қауымдастығының басшысы Есет Бутин жақында берген сұхбатында Halykcoin криптовалютасы туралы айтқан болатын.

"Баспасөз беттерінде Halykcoin атты жоба құру туралы ақпарат шықты. Біздің сарапшылар мен заңгерлер және қаржыгерлер осы жобамен толық танысып шықты. Бұл жобада хайп белгілері, яғни алаяқтық бар екенін нақты айта аламын. Себебі онда не коммерциялық, не бизнес-процесс жоқ", – деді Есет Бутин. Ал Брэд Гарлингхаус болса, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында криптовалютаны құрушылардың кейбіреуі сот алдында жасап беріп, айыппұл төлеп, түрмеге отыруы мүмкін деп отыр, ал бұл криптовалюта кеңістігіндегі айтарлықтай құбылмалылыққа әкеледі.

Нақты проблемаларды шешетін және үлкен компаниялардың атын пайдаланып отырған активтер басты назарда болады. Алдағы уақытта CryptoKitties қана (мысықтарды өсіріп, баптап, сатуға мүмкіндік беретін блокчейн негізіндегі ойын) іске асады.

Сондай-ақ Ripple компаниясының бас директоры  2018 жылға арналған болжамды жариялап: "Сандық активтер нарығы үш триллион доллардан асатын болады деп отырмыз. Барлығын басқаратын бірде-бір сандық актив болмайды. Осыған орай бір үстем желі болады дегендер ұтылады", – деген еді.

Monero (XMR). Хакерлерден Lana Del Rey және Marilyn Manson қылмыскерлеріне дейін
Нарықтық капиталдандыру: 6 млрд доллар. 2017 жылығы динамикасы +2400%. Құрушы:  кім екені белгісіз. Биржалар: Hitbtc, Kraken, Bittrex, Exmo, Livecoin.

Monero криптовалютасы 2014 жылы пайда болған. Басқа криптовалюталардан ең басты ерекшелігі анонимді және жасырын болуы. Әрбір транзакция ортақ мәліметтер базасы арқылы өтеді, бірақ та жіберуші, алушы, жіберілетін сома дегендер  шифлаудан өтеді. Сондықтан кім, қайда жібергенін қадағалау мүмкін емес. Мәліметтер базасында криптографиялық хэш мекенжайлары көрінеді, бірақ мұны тек жіберуші мен алушы ғана ашып көре алады.

Сондай-ақ транзакциялардың барлығы бірдей бөліктерге бөлінген, бұл бақылауды қиындатады. Мысалы, егер біреуге 50 доллар жіберу керек болса, онда жіберілетін ақша 25,15 және 10 доллар мөлшерінде жіберіледі.

Monero криптовалютасының жасырын болуы АҚШ үкіметін алаңдатып отыр, өйткені криптовалюта қылмыскерлер арасында кеңінен тараған. Мысалы, 2017 жылы компьютерде сақталған барлық файлдарды ашып, оған ақша талап ететін WannaCry вирусы жаппай шабуыл жасаған болатын. Сол кезде хакерлер ақшаны Monero-ға салуды талап еткен еді.

Әрине, хакерлердің биткоинды талап еткен оқиғалар бар. Monero криптовалютасының  жақтастары олардың монеталары көп жағдайда заңды түрде қолданылатынын айтып отыр.

Forbes концерт ақысын Monero криптовалютасы арқылы қабылдайтын 40-тан астам музыканттың атын жариялады. Одардың арасында: Lana Del Rey, Scorpions, Rob Zombie, Marilyn Manson, Backstreet Boys, Weezer, Fall Out Boy бар болып шықты.

Bitcoin cash (BCH). Шифропанкілер Силикон алқабына қарсы
Нарықтық капиталдандыру: 41 млрд доллар. 2017 жылығы динамикасы +468%. Құрушы: тәуелсіз әзіреушілер командасы. Биржалар: BitFinex, Poloniex, Bittrex, Exmo, Livecoin, Hitbt.

Bitcoin Cash криптовалютасы Bitcoin 2017 жылы тамызда нұсқасының жақсартылған үлгісін құру мақсатында құрылған. Барлық мәселе операция жасаған үшін алынатын үлкен комиссиялар мен мәліметтерді баяу өңдеуге байланысты болып отыр. Bitcoin Cash болса транзакцияларды ең төменгі төлеммен және жылдам нақтылаумен өңдеу қабілетіне ие.

Forbes баспасы Bitcoin мен Bitcoin Cash арасындағы айырмашылықты нақты сипаттап, оларды силикон алқабына қарсы шифропанкілер деп көрсетті.

2017 жылы қарашада Bitcoin Cash шамалы уақыт Ethereum нарығын капиталандырудан асып, уақытша екінші орынға ие болды. Бұл майнерлер биткоиннің баяу жұмыс істеуі мен жоғары комиссиясына көңілдері толмай, Bitcoin Cash-ке ауысқан кезде орын алды. Сол кезде ол бірнеше ай ішінде 334%-ға өскен еді.

Әйткенмен Bitcoin Cash-ты қабылдауға қатысты проблема бар. Кәсіпорындар мен майнерлерді ақша табу мен криптовалютаны пайдалануға көндіру ең басты міндет болып отыр.

Litecoin (LTC). Егер биткоин – алтын болса, онда Litecoin – күміс
Нарықтық капиталдандыру: 13 млрд доллар. 2017 жылғы динамикасы +5056%. Құрушы: Google-дың бұрынғы қызметкері Чарли Ли. Биржалар: Hitbtc, Bittrex, Kraken, wexnz, Exmo, Livecoin, C-Cex, Nix-e.
Чарли Ли  Litecoin-ды 2011 жылы құрып: "Егер биткоин – алтын болса, онда Litecoin – күміс", – деген болатын. Сондай-ақ ол криптовалютаны заттарға төлем жасау үшін қолдануды ұсынған.   

Litecoin-ның биткоинмен салыстырғанда біршама айырмашылығы бар, яғни транзакция жасау уақытын айтарлықтай қысқартады. Егер биткоин 10 минут уақытты алатын болса, Litecoin небәрі 2,5 минутта іске асырады, сонымен қатар комиссиялық алымдары да төмен. Litecoin-ның 21 млн биткоинға қарсы  небәрі 84 млн ғана монетасы бар. Тап қазіргі уақытта айналымда жүрген монеталары 54 млн.    

The Motley Fool сараптамалық сайтының пікірінше,  ең басты айырмашылық Litecoin-ның артында нақты адам бар. Биткоинда жоқ белсенді қолдау бар. Бағасының төмен болуы да лайткойында сатып алуды қолжетімді етіп отыр. Бұл көп ақша тапқысы келетін инвесторларды тартуы мүмкін. 

Iota (MIOTA). Блокчейнде жоқ, комиссия жоқ,  Microsoft-пен жұмыс істейді.
Нарықтық капиталдандыру: 9 млрд доллар. 2017 жылғы динамикасы +523%. Құрушы: кәсіпкерлер және әзірлеушілер  Дэвид Сонстебе, Сергей Иванчегло, Доминик Шинер және Сергей Попов. Биржалар: Bitfinex, Coinone, Binance, OKEx, CoinFalcon, Exrates. Iota криптовалютасы 2015 жылы кәсіпкерлер, математиктер және әзірлеушілердің командасымен құрылды.

Iota-ның ерекшелігі – блокчейнге еш қатысы жоқ. Ол Tangle-ге (транзакцияларды есептеу технологиясы және мәліметтерді беру - автор. еск.) негізделіп жасалған. Сондай-ақ криптовалютаны сату мүмкін емес. 

Бұған қоса тағы бір ерекшелігі онда транзакция жасағаны үшін комиссияның болмауы. Олар криптовалютаның басқа қолданушыларының есептеу қуаты есебінен жасалады. Операция жасау үшін мұндай технологияның инновациясының негізі бірнеше кезеңге, яғни комиссияның болмауы және жаңа қолданушылар есебінен үздіксіз масштабталуға байланысты.

Қазіргі уақытта Iota компаниясы Microsoft, Bosch, Fujitsu, Schneider electric және басқалармен жұмыс істейді. Барлығы 2,8 млрд-тан астам Iota токен бар, одардың барлығы айналымда.  

Гүлназ Ермағанбетова, Данил Тумашевич

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу