Банк секторы биыл тағы "көтерем"

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3303

Үкіметтің банктерге беретін артық ақшасы таусылды, бірақ сала әлі айықпады.

Банк секторы биыл тағы "көтерем"

S&P рейтингтік агенттігінің болжамынша, биыл Қазақстан үкіметі банк секторын сауықтыруға көмектеспеуге тиіс. "Банктік жүйенің капиталын арттыру үшін елдің ішкі жалпы өнімінің 5%-ына тең қаражат бөлінгеннен кейін тағы да осындай мемлекеттік қолдаудың қайта берілу мүмкіндігін жоққа шығарамыз. Мысалы, 2017 жылы Қазақстанның Ұлттық қоры Ұлттық банктің облигацияларын сатып алу үшін елдегі бес банкке 654 млрд теңгеге субсидияланған несие бөлген. Бұл жалпы ішкі өнімнің 1%-ы. Ал таяуда Проблемалық несиелер қоры Цеснабанктің несиелік портфелін сатып алу үшін 1,05 трлн теңгенің құнды қағаздарын шығарды. Бұл ішкі жалпы өнімнің 2%-ы", деп жазады агенттік.

Агенттіктің мәліметінше, елдегі ақша-несие саясатының тиімділігіне басқа да бірқатар факторлар әсер етеді.

"Аталған бюджеттік шығындар мен банк секторындағы тұрақсыздық пен тұрақтылық тәуелсіз рейтингті шектейді және ақша-несие саясатына, экономикалық тұрақтылыққа және өсімге әсер етеді" деп жазады S&P.

Дегенмен, агенттіктің ақпаратына сенсек, Цеснабанкке таяуда көрсетілген мемлекеттік қолдау Қазақстанның рейтингіне әсер етпеген.

Айта кетейік, агенттік таяуда Қазақстанның ұзақмерзімді және қысқамерзімді тәуелсіз несие рейтингін анықтаған еді. Оған сай, елдің шетел валютасындағы және ұлтттық валютадағы міндеттемелері бойынша рейтингі "BBB-/A-3" деңгейінде болып, "тұрақты" деп бағаланған еді.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның өз өзіне жасаған рейтингінде елдің деңгейі "kzAAA" деп көрсетілген. Ал қазақстандық тәуелсіз емес қарыз алушылар үшін валюта аударымдары мен конвертациясының тәуекелі "BBB" деңгейінде сақталып отыр.

"Тұрақты" деген болжам үкіметтің фискалдық көрсеткіштері және сыртқы экономикалық көрсеткіштердің алдағы екі жылда күшті болатынын көрсетеді. Ал Қазақстанның таяуда үкіметті таратып жібергені елде шешім қабылдаудағы орталықтандыру деңгейінің төмендемегенін және осы үкіметтің шешім қабылдауда өзіндік еріктерінің жоқтығын көрсетеді" деп жазады агенттік сарапшылары.

Бұдан бөлек Қазақстанның рейтингінің төмендеуіне ықпал етіп отырған саяси шешімдердің алдын ала болжау мүмкіндігінің және халықтың әл-ауқатының төмендігі екен.

"Біздің ойымызша, проблеманың әлі де сақталуы монетарлық саясатқа сенімді азайтып, Ұлттық банктің тәуелсіздігін шектеп, елдегі банк секторын әлсіретіп, Қазақстанның жалпы даму деңгейін шектеп отыр. Үкіметтің қаржы секторын нығайту жолындағы жұмыстарына қарамастан, біз әлі де болса оның әлсіздігін байқап отырмыз. Болжам бойынша, 2019 жылы экономиканы несиелендірудің өсім қарқыны тағы да төмен болады. Оның бір себебі елде төлем қабілетті қарыз алушылардың жетіспеушілігі", деп жазады агенттік сарапшылары.

Агенттік мәліметінше, 2019-2020 жылдары Қазақстан экономикасы 3% өсім көрсетсе, жан басына шаққандағы ІЖӨ өсімі 1,8% болмақ. Бұл даму деңгейі Қазақстанмен шамалас елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Сонымен қатар, биыл мұнай бағасы мен өндірісінің төмендеуіне байланысты биыл бюджетте дефицит қалыптасса, келер жылдан бастап аздаған профицит болатыны туралы да болжам бар.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу