Блокчейн салық жинауға көмектеседі

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
4520

Салықтық әкімшіліктендіруді цифрландыру салық жинауды 9%-ға өсіреді.

Блокчейн салық жинауға көмектеседі

Қаржы министрлігі  салық және кедендік рәсімдерді белсенді түрде цифрландырып, келесі жылдан бастап бизнестің жұмысын жеңілдетуге уәде беріп отыр. Үкімет отырысы барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов цифрландыру жобасының негізінде "жаңа стратегиялық үлгі – адал бизнестің жұмыс істеуіне араласпай, мемлекет пен бизнестің өзара әрекет ету платформасында бюджеттің табысты базасын қалыптастыру" жатқанын айтты.

Кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мен электронды кедендік декларациялауға көшу барысында жұмыс екі тәсіл арқылы іске асады, яғни "АСТАНА" ақпараттық жүйесі негізінде экспорттық-импорттық операциялар бойынша е-терезесін құрылады.

"АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі  СЭҚ-қа қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, барлық кедендік рәсімдеуді алдын ала ақпарат бергеннен бастап тауарды шығарғанға дейінгі бақылауды автоматты түрде іске асыруға мүмкіндік беретін көпфункциялы және кешенді жүйе болып табылады", – деп атап өтті министр.

"АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі кезең-кезең бойынша іске қосылады. Осы жылдың 1 қазанынан бастап "Кедендік транзит" қосалқы жүйесі жұмыс істеп тұр.

Қаржы министрі жаңа жүйенің қолданыстағы жүйеден басты айырмашылығы – бұл ақпараттық жүйелер санын қысқарту, тауарларды, көлік шығару мен көлікті тіркеуді қағазсыз декларациялау мүмкіндігі деп отыр. Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап "АСТАНА-1" АЖ-ның қалған қосалқы жүйелері пайдалануға беріледі. 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір терезе аясында тоғыз рұқсат етуші құжат бойынша жұмыс істейтін механизм іске қосылады. Сондай-ақ 2018 жылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік мәліметтер базасын "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесіне біріктіру арқылы мемлекеттік органдар ұсынатын 42 рұқсат  құжаты туралы ақпарат электронды түрде түсетін болады.

"Салықтық әкімшілктендіруді цифрландыру" бағыты төрт бастамадан тұрады: яғни "Электронды шот-фактуралар" және "Тауарларды таңбалау" ақпараттық жүйесі, блокчейн технологиясын қолдану арқылы ҚҚС-ны әкімшілдендіру, сонымен қатар әртүрлі дереккөздерінің  мәлімет базасын біріктіру арқылы салық жинауды арттыру.

Министр "Электронды шот-фактуралар" ақпараттық платформасы таяуда құрылғанын,  "интерфейстің қолайлығы мен тауарларды алып өтуді бақылауға қатысты функционалды құруға қатысты" толықтырылып жатқанын айтты. "Жүйені қолданушылар саны күн санап артып келеді, бүгінгі күні оның саны 158 мыңнан артық, оларға 65 млн-нан артық ЭШФ берілген", – деп нақтылады Бақыт Сұлтанов.

"Тауарларды таңбалау" ақпараттық жүйесі теріден жасалған өнімдерді таңбалау және ЕАЭО аясы бойынша қанат қақты жобаны қарастырады. 27 қараша күні бұл қанат қақты жоба елімізде іске қосылды. Министр үш күн ішінде жүйеге шамамен 20 компания қосылғанын және 60 өнім таңбаланып үлгергенін айтты.

"Келесі жылы осы қанат қақты жоба қорытындысы бойынша таңбаланатын тауарлардың тізімін кеңейту қарастырылады. Бұл бастаманы Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестерімізбен тығыз ынтымақтастықта іске асырып жатқанымызды айтып кеткен жөн. Бұл бастамаларды іске асыру өтірік құжаттардың көшірмесімен  жүретін тауарсыз операцияларға тосқауыл болады", – деді қаржы министрі.

Министрліктің бағалауынша, блокчейн технологиясын қолдану арқылы ҚҚС-ны әкімшілдендіру  салық төлеушілердің қаржылық транзакция тізбегін бірден қадағалауға мүмкіндік беретін және оларға ҚҚС-ны қайтару кепілін іске асыратын жеке мәліметтер базасын құруға жағдай жасайды.

Бақыт Сұлтанов Еуроодақ елдерінің салықтық әкімшіліктендіруі блокчейн технологиясын енгізу туралы мәселені қарастырып жатқанын айтты. Қазақстанда қаржы министрлігі мен "ИТП" автономды кластер қорының бірігуімен блокчейн технологиясын енгізу (IBM Hyperledger Fabric) мен жасанды интеллект (IBM Watson) бойынша қолданбалы зерттеу зертханасы құрылады.  

"Блокчейнді қолдану заңсыздықтарды жоюға, жанама салықтарды әкімшіліктендірудің және салық төлеушілерге арналған есеп пен есептіліктің қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. Жобаны "ИТП" АКҚ-пен мемлекеттік тапсырма түрінде енгізу жоспарланып отыр. Жүйенің прототипін құру мерзімі – келесі жылдың тамыз айы", – деді ол.

Әртүрлі дереккөздерінің  мәлімет базасын біріктіру арқылы салық жинауды арттыруды қаржы министрлігі салықтық әкімшіліктендіру мақсаты үшін Big Data құру арқылы іске асырмақ. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қаржы министрі "заманауи салықтық әкімшіліктендіруді іске асыру – бизнестен салықтық бақылау мақсаты үшін алынатын мәліметтер негізінде" жасалатынын атап кетті.

"Мысалы, тасымалдау (теміржол және авиа)көлемі туралы мәліметтер, сондай-ақ  кәсіпорындардан алынған суды, электр энергиясын пайдалану туралы мәлімет контрагенттердің салықтық есепте  көрсеткен табысымен салыстырылады. Біз өзімізге осындай база құруды мақсат еттік", – деп түсіндірді ол.

Жалпы цифрландыруға қатысты барлық шаралар "көлеңкелі экономиканың көлемін айтарлықтай қысқартып, бюджетке түсетін салықты арттыруы" керек.

"2025 жылға қарай салық жүктемесі мен мөлшерін ұлғайтпай-ақ  ЖІӨ-ні шамамен 9%-ға арттыру арқылы жинауды жоспарлап отырмыз", – деп еске салып өтті қаржы министрі.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ақпаратттық жүйелерді тезірек енгізу қажеттігін айтты.

"Бізде ақпараттық жүйелер дайын емес, кедергілер көп деп айтады. Қалай іске қосады, солай тез бұзылады. Бұл жерде адамынң араласуынсыз болмайтын сияқты. Өйткені бюрократия тиімді. Ол жемқорлыққа әкеледі. Әсіресе кедендік және салықтық органдар. Жобалардың барлығын бірден іске қосу керек", – деді премьер-министр.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу