Cashback функциясы қолақша айналымын азайтты

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3007

Бұрын тұтынушылардың көпшілігі төлем картаны тек еңбекақыны алу үшін қолданса, қазіргі кезде оны біртіндеп қолайлы және сенімді төлем құралы ретінде қабылдайды.

Cashback функциясы қолақша айналымын азайтты

Банктердің мобильдік инновацияны жаппай енгізуі қолақшасыз есеп айырысу көлемінің артуына ықпал етті.

"Бұрынғыдай қазақстандық нарықта көбіне VISA және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің төлем карталары басымдыққа ие. Олардың үлесі тиісінше нарықтың 51% және 32 % құрайды, нарықтың қалған бөлігі (17%) басқа төлем жүйелері", деп жазады ҚP Ұлттық банкі.

2018 жылдың 1-ші қыркүйегінеді мәлімет бойынша, елдегі төлем карталарының саны 21,6 млн дананы құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 2,3 есе артық. Соның ішінде басым көпшілігі дебеттік (есеп айырысу) карталары.

2011-2018 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктер шығарған карталардың құрылымы да өзгергенін айта кету керек. 2018 жылға дейін дебеттік карталар үлесі 88,24%-дан  81,07%-ға дейін азайып кеткен екен. 2011-2014 жылдар аралығында несие карталар үлесінің 1,8 есеге дейін артқаны байқалады.

Несиелік төлем карталарға сұраныстың дағдарыс кезеңдерде артатыны анық. Алайда, 2012 жылдан бастап нарықта несие карталарының жалпы үлесі мен санының өскені байқалғанымен, 2015 жылдан бастап мұндай төлем карталарының үлесі 4,5% -ға қайта төмендеді.

Бұл ретте төлем карталарды қолданудағы негізгі артықшылықтарының бірі банктер ұсынатын "бейілділік" бағдармалары. Тұтынушылардың өнімге қызығушылығын арттыру мақсатында кейбір банктер бонустардан төлем карталарын қолданудың өзге артықшылықтарын ұсына бастады. Бүгінгі күні ең көп таралған опциялардың бірі "cashback" функциясы,  тауар мен қызмет үшін картамен төлеген жағдайда тұтынушының шотына жасалған жұмсаған ақшасынан белгілі бір сома қайтарылады.

Төлем карталары тек қолақшаны алу үшін емес, төлем құралы ретінде кең қолдана бастады. Карталық операцияларының жалпы құрылымында қолақшасыз операциялар мөлшерінің үлесі соңғы үш жыл аралығына 33%-дан 63%-ға артты. Ал осындай операциялар көлемінің үлесі 13,8%-дан 29%-ға артты.

Мәселен, 2018 жылдың алғашқы 8 айы ішінде жалпы сомасы 4 432 млрд теңгеге қолақшасыз операциялар жүргізілді, бұл 2015 жылғы сол уақыттағы көрсеткіштен үш есе артық. Орташа есеппен бір карта айына 10 рет сауда жасаған болып тұр.

Төлем карталары арқылы жасалған қолақшасыз операциялардың кемі 95%-ы рos-терминал және интернет-ресурстары арқылы жүзеге асырылды.

Pos-терминал арқылы төлем карталарымен жүргізілген қолақшасыз операиялардың көлемі 2 355,4 млрд теңгені немесе 53% құрады.

Ал интернет-ресурстары мен мобильдік телефондар арқылы жасалған транзакциялар көлемінің үлесі 1 846,6 млрд теңгені құрады. Жалпы, мұндай жаңалықтың жылдам тарауына онлайндағы транзакцияларға сенімнің артуы мен интернеттегі тауарлар мен қызметтердің арзандығы себеп болуы мүмкін.

Тағы бір айта кетерлігі, төлем карталарды қолдануда Қазақстан өңірлері бірінен бірі айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, қолақшасыз операциялардың көлемі бойынша басқа облыстармен салыстырғанда ең үлкен көрсеткіштерді Алматы қаласы, Астана қаласы және Ақмола облысы көрсетсе, Жамбыл және Қызылорда облыстары әлі күнге дейін қолақшамен есеп айырысуды жөн көреді екен.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу