Abctv.kz бизнестің IT-қызметтер нарығын монополиялауға жағдай жасады деген айыптауына денсаулық министрлігінен түсініктеме беруді өтінген болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Алмас Исақов медициналық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйені дербес таңдау мен сатып алу құқы берілгенін айтып сендірді.
Еске салар болсақ, қазан айында медицина секторындағы IT-әзірлеушілердің бір топ өкілі денсаулық сақтау министрлігі нарықтағы бір компанияның мүддесіне ықпал жасап отыр деп айыптаған болатын.
Олар қазақстандықтардың медициналық мәліметтері бір қатысушы – Damumed ақпараттық өнімін әзірлеуші, "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" (АТО) ЖШС-ның қолында отырғандығына назар аударуды сұрап президенттің атына хат жолдаған еді.
Дербес таңдау құқығы
Ведомство медициналық ақпараттық жүйені (МАЖ) таңдауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау мекемелері МАЖ-ды өздігінен таңдау құқы бар екенін және бұл үдерісті ашық, жария түрде жүргізуге тиіс екендігі жайлы хат жолданғанын атап кетті.
Сонымен қатар мемлекеттік мүлік саласындағы заңнамаға сәйкес өңірлердегі денсаулық сақтау мекемелері коммуналдық кәсіпорын болып табылады және жергілікті атқарушы органдарға қарайды.
Денсаулық министрлігі қазақстандықтардың денсаулық жағдайы туралы барлық ақпарат қожетімді болуы мүмкін емес деп отыр.
Салалық ведомстводағылар науқастардың мәліметі тек Damumed МАЖ-да ғана емес, сонымен қатар басқа да медициналық ақпарат жүйелерінде, мысалы, "Жарқын Болашақ КУ", "Надежда" базаларында сақталатынын түсіндіріп өтті.
"Даму" меншік иесі емес
Алайда медициналық IT-компания өкілдері айтып отырғандай, "Даму" АТО" ЖШС шынымен де, қазақстандықтардың электронды паспортына айрықша құқық алуы мүмкін бе және әзірлеуге мемелекеттік сатып алу өткізілді ме, оған кімдер қатысты деген редакцияның сұрағына нақты жауап болмады.
Ведомство медициналық ұйымдарға тек МАЖ-ды дербес таңдау және олардың талаптарына сай әзірленген мобильдік қосымшаларды енгізу мүмкіндігі мен құқығы берілгенін ғана мәлім етті.
Бұл ретте Damumed мобильдік қосымшасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеген.
Денсаулық министрі нарықта ешқандай монополиялау болмағанын, ведомство жекелеген бағдарламалық өнімдерді нарықта ілгерілетуге қызығушылық танытып отырмағанын, себебі қазіргі уақытта олардың саны көп екенін айтты
Дегенмен, мысалы, Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтында азаматтарды цифрлауда 2017 жылы жергілікті бюджеттен 360 млн теңгеге нақ осы Dmed.kz (Damumed) медициналық ақпараттық жүйесін енгізу туралы айтылған.
"Біз монополист емеспіз"
Сондай-ақ аbctv.kz "Даму" АТО" ЖШС директоры Наталья Кильмен сөйлесті. Компания директоры да медициналық IT-қызметтер нарығында монополиялау фактісі бар дегенді жоққа шығарды және МӘМС шеңберінде Қазақстанда 1374 медициналық қызмет жеткізуші тіркелгенін, оның 638-і жекеменшік екенін атап кетті.
Қазіргі уақытта компания 383 мемлекеттік және 157 жеке медициналық ұйымдармен келісімшарт жасаған. Бұл жеткізушілердің жалпы санының 39,3%-ын құрайды деп отыр компания директоры. Тағы 162 медициналық ұйым сервисті ұсыну туралы келісімдер негізінде ақысыз қызмет көрсету жүйесімен жұмыс істейді және олар МАЖ-ны таңдап жатыр.
Наталья Киль компания лицензияны материалдық емес актив ретінде сатпайтынын, керісінше сервисті ай сайын абоненттік төлем ретінде ұсынатынын айтты. Сондай-ақ ол кез келген медициналық ұйым қызметтен бас тартып, қолайлы деген жеткізушіні таңдай алатынын ерекше атап кетті.
Спикер науқастарға арналған мобильдік қосымша функциональдық жинағы әртүрлі кем дегенде бес жеке жеткізушіде бар екенін, бірақ олардың функционалдық жинағы Damumed-ке қарағанда аз екеніне тоқталды.
"Даму"АТО" ЖШС директоры компания дәрігерлік құпия туралы ережеге сәйкес жүйедегі мәліметтердің қауіпсіздігі мен жасырын болуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдағанын айтып кетті.
Жұмыс істеуге мүмкіндік бермеуде
Спикер тап қазіргі уақытта жүйедегі барлық мәліметтерді сақтау орнына беру мақсатында денсаулық сақтау министрлігінің интероперабелдік платформасымен біріктіру жұмыстары жүріп жатқанын сөз етті,
Компания директоры компаниялар өз өнімдерінің технологиялық және функционалдық ерекшеліктерін пайдаланып құқықтық алаңда адал бәсекелесудің орнына өзінің серіктестігіне қарсы ақпараттық соғыс бастағанын және олар "шоу-бизнеске тән алыпқашпа әңгіме" тәсілін қолданатынына тоқталды.
"Денсаулық сақтау министрлігімен ешқашан ашық және жасырын келісімшарт жасаған емеспіз. Ондай ешқашан болған жоқ", – деді Наталья Кель.
Еліміздегі медициналық бағыттағы ірі IT-жобалардың бірінің басшысы ықпал етудің бар екенін мойындап отыр. Бұл жобаның мамандары биылғы жылы қазан айында бизнес өкілдерінің "Даму" АТО" ЖШС ел азаматтарының электронды денсаулық паспортын сақтауда монополияға жол берді деп айтыптаған баспасөз-конференциясына қатыспаған.
Жасырын қалғысы келген сарапшы abctv.kz-ке дәрігерлерге Damumed-тің SRM-жүйесін үнемі тықпалайтынын айтып қалды. Оның айтуынша, бұл өнім әзірленген жергілікті өнімдерге қарағанда қымбат тұрады, біреулер оны қолайлы деп есептегенімен, айналып келгенде басқа өнімге ақы төлейді.
Негізінен мемлекеттік клиникалардың басшыларына сөзі өтетін белгілі бір мүдделі тұлғалар ықпал етеді. Сарапшы бәскелесуші компанияларды нарықта тықсыртып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтініне сенімді.
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің БАҚ-та жарияланған сөзіне сілтеме жасайтын болсақ, 2018 жылдың күзінде елімізде 10 млн-нан астам денсаулық паспорты жасалған. Еліміздің кез келген жерінде қолжетімді болу үшін жыл соңына дейін денсаулық паспорттарын денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай платформасына жиналады.
Кристина Бершадская, Асқар Момынов