Егістіктерді әртараптандыру мәселесі шешілген

4772

Қазақстанда майлы дақылдарды өсіру соңғы он жылда ақшаға шаққанда төрт есе өскен.

Егістіктерді әртараптандыру мәселесі шешілген

Егістіктерді әртараптандыру мәселесі шешілген. Мұндай пікірді "Астық және зәйтүн. Қазақстан" зерттеу бюросымен Бурабай шипажайлы кентінде ұйымдастырылған "Қазақстандық жаңалық 01/2018" конференция сыртында болған әңгімеде TALAP қолданбалы зерттеу орталығының сарапшысы және ФАО ұлттық кеңесшісі Дәурен Ошақбаев abctv.kz-ке айтқан еді.

"Бізде ұзақмерзімді келешекте өсіру көлемі бойынша төмендеу болады дейтіндей дәнді-дақыл жоқ. Сондықтан әртараптандыру мәселесі біз үшін жабық. Шаруаларды әртараптандыруға үгіттеуде қажет емес. Мұны бәрі жақсы біледі, бірақ барлығы түсіне бермейді", – деп есептейді ол.

Қазақстандық дәнді-дақылдар
Дәурен Ошақбаевтың ФАО-ның тапсырысы бойынша 2006 жылмен 2016 жыл аралығындағы майлы және бұршақ тұқымдастарға жүргізген зерттеуінен қазір Қазақстанда зығыр жақсы өсіріліп жатқанын көруге болады. Сарапшының болжамы бойынша, зығыр қазақстандық дәнді дақыл болып қала бермек.

2006-2016 жылдары Қазақстанда зығыр өсіру

Зығыр егу Қазақстанда 2008 жылы басталған, содан бері ол екі есе өсті. Қазір Қазақстанның барлық солтүстік өңірі зығыр егеді деуге болады, сондай-ақ еліміздің шығысы мен орталығында да зығыр өсірудің өсіп келе жатқанын байқауға болады. Осылайша, зығыр егістігі 2016 жылға қарай шамамен 650 мың гектарға жетті. Бұл дақылдың шығымдылығы шамамен 1 гектардан 99 центнер, ал жиналған егін екі жыл бұрын 550 мың тоннаға жуық болды.  

Сонымен қатар елдегі рапс өсірудің келешегі де жаман болмайды деген болжам бар. Рапсты егуді арттырудың мүмкіндігі фермерлердің қаржылық  мүмкіндігіне байланысты деп есептейді Дәурен Ошақбаев. Өйткені бұл дәнді дақылды егу көп қаржыны қажет етеді.

2006-2016 жылдары Қазақстанда рапс өсіру

"Рапс бойынша үлкен құбылмалықтың бар екенін көріп отырмыз. 2010 жылы көп ектік те, шығым нашар болды. Бұл ауылшаруашылық өндірушілердің үмітін ақтамады.  Дәнді-дақылды өсіру көп капиталды қажет етеді, ол үшін өте көп ақша айналымы қажет, барлық өндіруші бұл іспен кім көрінген айналысатынына шағымдануда. 2016 жылы СҚО-дағы белгілі өндірушілер – "Атамекен-Агро", "Қазэкспортастық" қана қалды. Шығыс Қазақстан облысында рапс өсіру қатты қолға алынып, ол жерде рапстың күзгі егістігіне тәжірибе жасалып жатыр және нәтижесі де жаман емес сияқты", – деді ФАО кеңесшісі конференцияда өз зерттеуін таныстыру барысында.

2006 жылдан бастап он жыл ішінде рапсты өсіру көлемі 2,7 есе өскен. Рапс егілген алқап екі жыл бұрын 150 мың га-дан астам болған, ал оның шығымдылығы бір тоннаға дейін жетіп, жалпы жинағы 150 мың тонна деңгейінен жоғары болды.

Әртүрлі майлы дақылдар
Жалпы елдегі майлы дақылдарды және оның тұқымын өсірудің ақшаға шаққандағы көрінісі 2016 жылы 411 млн долларға жеткен. Олардың елдегі ауыл шаруашылықтың жалпы өніміндегі үлесі 2006 жылдан бастап 1,5%-дан 3,8%-ға артты. Майлы дақылдар саласының ақшаға шаққандағы көлемі төрт есе, ал жалпы жинақтағы көлемі 13 есе  өскен. Ал ауылшаруашылығының барлық жалпы өнімінің ақшалай көрінісі тек 60% ғана қосқан.

2006-2016 жылдары Қазақстанда майлы және бұршақ тұқымдастарды өсіру

Қазақстандағы ең маңызды майлы дақыл күнбағыс болып қала бермек. 2016 жылы оның орташа шығымы бір гектардан бір тонна болған. Осы жылдық кезеңде оның егістік көлемі 800 мың га-дан  шамалы көп болған, ал жалпы жиынтық 750 мың тоннаға жуық болды. Бұл 2006 жылғы деңгейден 2,8 есе көп.

2006-2016 жылдары Қазақстанда майлы және бұршақ тұқымдастарды өсіру

Егер бұрын күнбағыс ШҚО мен Алматы облысында ғана егілген болса, ал қазір оны солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерде көптеп өсірілуде.  

"Күнбағысқа деген сұранысы өте жоғары, оны көршілес елдер көптеп алуда. Оны Қытай жақсы алуда және оған деген сұраныс өсетін болады, соған сәйкес өсіру көлемі артады", – деп есептейді Дәурен Ошақбаев.  

Елдегі күнбағысқа қатысты өңдеу тізбегі бұрыннан бір ізге салынған. Қазақстандық өңдеушілердің Ресейде өкілдігі бар, ал ресейлік май жасаушылар оны солтүстіктен, шығыстан жақсы сатып алуда. Бұған қоса, күнбағыстың әжептәуір көлемі импортталып, экспортталуда деп атап кетті сарапшы. Күнбағыс өңдеудің бір орталығы Ақтөбеде орналасқан, оған Ресейдің жақын өңірлерінен импортталған күнбағыс әкелінеді. Ал шығыста өңдеуге арналған шикізатАқмола облысында жиналады.

"Тек ауыл шаруашылық өндірушілерінде сатып алушыларды таңдау жетерлік  және олардың ішінен таңдауға да болады. Ал бұл сатып алушыларға ұнамайтыны белгілі", – деп атап кетті Дәурен Ошақбаев.

Осыдан бірнеше жыл бұрын мақсатты бағдарлама аясында келешегі зор болады деген соя біршама жылы Алматы облысында суару негізінде өсіріліп жатыр. Сондықтан 2009 және 2012 жылдар арасындағы құрғақшылықта оның шығым көлемі азайған жоқ. 2016 жылы бұл көрсеткіш жалпы 100 мың га-дан астам егілген жерде бір гектарға 2,1 тоннадан асты. Бірнеше жыл бұрын жалпы жинау 230 мың тоннаны құраған болатын, бұл 2006 жылғы деңгейден үш есе көп. Есте қаларлығы, соңғы жылдары сояны шығыс пен солтүстікте өсіруге тырысып жатқанын байқауға болады. Қазір солтүстік өңірлерде суарылмайтын жерлерде өсіру тәжірибесі жүргізіліп жатыр. Бұл жерде табыс алу емес, керісінше сояны парды алмастырушы ретінде айдалану маңызды болуы мүмкін.

 2006-2016  2006-2016 жылдары Қазақстанда  сояны өсіру

"Соя – ауыспалы егістік үшін өте ыңғайлы дәнді дақыл. Мұны іске асыру үшін "ЭФКО" бар күшті салып жатыр, сонымен қатар басқа да ойыншы –"Уыз Май Industry" бар. Құ с фабрикалары тарапынан үлкен сұраныс пайда болды, олар сояны сатып алып, жемге пайдаланатын сояны өздері өндіріп жатыр. Оның өңдеу ауқымы зор, әртүрлі. Соя майы соя ақуызынан құнды емес", – деп түсіндірді ФАО ұлттық кеңесшісі таныстырудан кейін болған пікірталаста.

2009 және 2014 жылдары арасында құрғақшылықтың жиі болуынан қазақстандық фермерлер құрғақшылыққа төзімді мақсарыға қызығушылық таныта бастады. 2016 жылы мақсары 220 мың гектар жерге егілген, оның шығымдылығы бір гектардан 0,75 тоннаға дейін жетіп, жалпы жиынтықта 160 мың тоннадан астам болды. 2006 жылмен салыстырғанда оны өсіру 3,8 есе өсті.

2006-2016 жылдары Қазақстанда  мақсарыны өсіру

"Бір кездері мақсарыны солтүстікке көшірген уақыт болды, бірақ кейін бізде ылғалды жылдар басталды. Осыған сәйкес бізде солтүстікте егін салатын жер азайды, ал бұл жалпы елдегі егін салу жерінің динамикасында көрініс тапты. Шын мәнісінде, мақсары оңтүстікте өсірілетін дәнді дақыл, ол Орталық Қазақстанда су қоры жетіспейтін жерлерде құрғақ аймақтарда кеңнен тараған", – деді Дәурен Ошақбаев.

Бұдырлы бұршақ
Сонымен қатар бұршақ тұқымдас дәнді-дақылдарды шығару 2006 жылдан бастап 2016 жыл аралығында алты рет өскен, ақшаға шаққанда 36 млн доллар дегенді білдіреді деп атап көрсетілген зерттеушінің таныстыруында. Бұл ретте, бірқатар бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар бойынша "бұдырлы" мәселер бар екені байқалады деп болжап отыр ФАО кеңесшісі.

"Ноқатқа қатысты науқан 2011-2012 жылдары негізінен Қостанай және Қарағанды облыстарында болды. Батыста егін салатын жер болды. Бірақ та не шығым не баға болған жоқ, сондықтан оның ауданы күрт азайып кетті, алайда қазір бірте-бірте қалыпқа келіп жатыр", – деп түсіндірді сарапшы.

Ноқат егілген жер 2016 жылы 5 мың гектарға да жетпеді. Шығымдылығы бір гектардан 0,8 тоннадан жоғары болған оның жылдық жиынтығы шамамен 4 мың тонна болды".

2006-2016 жылдары Қазақстанда  ноқатты өсіру

Соңғы жылдары жасымыққа қатысты үлкен болжамды айтқанда, онда да ноқат сияқты "бұдырлы" мәселе бар екенін айту керек.

"Жасымық бойынша динамика ноқатқа қатысты динамиканы қайталайды. 2018 жылы жасымық егілетін жер 2016 жылға қарағанда біршама аз болады деп ойлаймын", – деп болжам жасады сарапшы.

2016 жылы жасымық егілген жер 100 мың гектарды алып жатты, оның шығымы бір гектардан 1,4 тонна болды деп түсіндірді TALAP өкілі таныстыру кезінде.

2006-2016 жылдары Қазақстанда  жасымық өсіру

"Біздегі жасымықтың әлеуеті зор. Оны өткізу нарықтары өсіп келе жатыр. Бізде сапаға, тұқымды жеткізуге  қатысты мәселелер бар. Нақты бір будандастыруға шыдамды болатын тұқым керек. Егер бұл мәселені шешетін болсақ, онда бізде бәсекегеқабілетті жасымықты өсіру мүмкіндігі пайда болады. Біздің бағдарлап отырған жалпы әлемдік нарық жағдаяты бар, ол жерде біз өте үлкен  және жаңа ойыншымыз", – деді Дәурен Ошақбаев өзінің баяндамасынан кейін журналистерге берген түсінігінде.

"Біз айтып отырған ноқат пен жасымықтың көрсеткіші жақсы. Өсірушілер жаңа дәнді дақылдарды сынақтан өткізуде. Ал біреулері бұдан бас тартып жатыр. Сынақтан өткізу сатып алушылардың пайда болуынан туындайды, сұраныс, қандай да бір баға пайда болуда. Содан кейін баға біткенде, дәнді дақылды өндіруде бітеді", – деп жауап берді ол конференцияға қатысушылар сұрағына.

Бір қызығы, 2016 жылға дейін 10 жыл ішінде  Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұршақ тұқымдас дәнді дақылдың ішінде бұршақ 2,4 есе өскен. Бір-екі жыл бұрын бұршақ 60 мың гектардан астам жерге егілді, шығымдылығы 1,3 тонна болды.

Бұршақты өсіру көлемі көп емес, бірде өседі, бірде түседі. Өсіру деңгейі Орталық Азия тарапынан болатын экспорт пен қызығушылық мүмкіндігіне байланысты болмақ. Сондай-ақ бағаға қатысты да мәселе бар. Қытай – бұршақты ірі импорттаушы, ол шамамен 1 млн тонна әкетеді және бұл Қазақстан дәнді дақылдары үшін де қызықты болуы мүмкін. Бірақ та 2016 жылы оның көлемі қысқарды, әсіресе, шығыста. Қазір ол көбінесе Қостанай облысында өсіріліп жатыр деп нақтылады TALAP қолданбалы зерттеу орталығының сарапшысы.

Тағы да Қытай
Сонымен қатар Қытай тарапынан сұраныс Қазақстандағы егіс алқаптарын әртараптандыруға басты драйвер болады. Өйткені барлық егіліп жатқан бидай, майлы және бұршақ дақылдары экспортқа бағдарланған.

"Қытай тарапынан болатын сұраныс ең басты драйвер болады. Өйткені шындығында да тұтынушы көп. Көптеген майлы дақылдар бойынша нарықты  Канада жаулап алған. Қазақстан Канаданы біршама ығыстыруы мүмкін. Канададағы әртараптандыру қазір әртараптану дегенге келіңкіремейді. Өйткені олардағы рапс егілген жер бидай егілген жерден асып кетті. Рапс дара дақыл болып барады. Егер фитосанитарияға және  Қытаймен арадағы сауда қатынастарына қатысты мәселені шешетін болсақ, онда Қытай майлы дақылдар мен күнжараның барлығын алып кетеді. Күнжараны экспорттау аумағы Норвегияға дейін жетеді", – деді ФАО кеңесшісі.

Қазақстанда фермерлерге арналған дәнді дақылдар мен әртараптандыруды дамыту үшін шектеу бар. Ең бірінші, тұқымның қолжетімдігі мен оның нарық талабына сай болуына қатысты мәселе. Сонымен қатар агротехнология мен білім деңгейі ең басты шектеуші фактор болып отыр. Көптеген фермерге өздерінің құзыреттілігін өздігінен дамытуға жұмыс істеуге тура келуде. Ол үшін ақпараттың маңызды көзі Интернет болып отыр. 

"Бізде өсіріліп жатқан ноқат, ең қымбат ноқат емес, ол ірі емес және оны біздің жағдайда, мысалы, солтүстікте, өсіру қиын. Шаруашылықтар көптеген сұрыпты сынақтан өткізіп жатқанын білеміз, соя тек бір шаруашылықта сынақтан өтуде. Капиталға қолжетімділік өте маңызды, әсіресе, көптеген инвестицияны қажет ететін дәнді-дақылдар үшін өте маңызды. Мысалы, рапс немесе шығымы мол дәнді-дақылды өсіруде. Дәнді-дақылдар да өзара  бәсекелеседі", – деп түйіндеді Дәурен Ошақбаев.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу