Халық кредит алуды қояр емес

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
4611

Бизнестің валютадағы ақшасының азаюы банк секторын әлсіретуде.

Халық кредит алуды қояр емес

Банк секторының жиынтық активтері жыл басынан бері 2,6%-ға азайып, 1 сәуірде 24 577,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,2%, бағалы қағаздар портфеліне – 21,5%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,9% тиесілі.

Ал банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері жыл басынан бері 3,2%-ға азайып, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 21 516,9 млрд теңгені құраған. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 7 77,4%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,2%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,7%-ды иеленетінін ескерсек, банк секторының бұлайша тоқырауына бірінші кезекте депозиттегі ақшаның азайып кетуі мен халықтың кредиттік белсенділігінің төмендеуі әсер етіп отыр.

Бизнестің валютадағы депозиті азайып кетті

"Республика бойынша резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,1%-ға қысқара отырып, 2019 жылғы наурыздың соңында 17 207,9 млрд теңгені құрады", деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бас банктің мәліметінше, заңды тұлғалардың депозиттері 4,3%-ға төмендеп 8 757,9 млрд теңгені құраса, жеке тұлғалардың депозиттері 0,1%-ға ұлғайып 8 450,0 млрд теңге болған.

"Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 1,4%-ға ұлғайып 10 060,4 млрд теңгені құрады. Ал шетел валютасында 6,8%-ға төмендеп 7 147,4 млрд теңге болды. Долларлану деңгейі 2019 жылғы наурыздың соңында 41,5%-ды құрады", деп жазады бас банк.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы наурызда 1,5%-ға көбейіп 5 341,1 млрд теңге болса, шетел валютасындағы депозиттерінің көлемі 12,1%-ға азайып, 3 416,8 млрд теңге ғана болады.

Өз кезегінде жеке тұлғалардың да теңгемен депозиттері 1,4%-ға ұлғайып, 4 719,3 млрд теңге болса, шетел валютасындағы жинақ ақшасы 1,4%-ға азайып, 3 730,7 млрд теңгені құрады.

Кредит нарығының драйвері теңгемен қарыз алушы қарапайым халық

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,1%-ға азайып, 2019 жылғы наурыздың соңында 12 473,2 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 1,3%-ға азайып, 7 036,9 млрд теңге болса, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 1,5%-ға көбейіп, 5 436,3 млрд теңгеге жеткен.

"Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 10,3%-ды немесе 1,1 трлн теңгені құрады", деп жазады Ұлттық банк.

Ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда өзгеріссіз қалып, 10 012,3 млрд теңге болды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,7%-ға азайса, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,6%-ға ұлғайды.

Есесіне шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 0,7%-ға азайып 2 460,9 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,6%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,6%-ға азайды.

Қысқамерзімді қарыздар азайды

"Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы наурыздың соңында 80,3%-ды құрады. Сонымен қатар , ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 621,8 млрд теңгеге дейін 0,3% ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 851,4 млрд теңгеге дейін 2,4% азайды", деп жазады бас банк.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 191,3 млрд теңгеге дейін 1,2% ұлғайды. Бұл жалпы экономиканы кредиттеу көлемінің 17,6%-ы.

"Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,3%), сауда (13,7%), құрылыс (5,8%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі", деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу