Халықтың депозиттегі ақшасы азайып, алған несиесі көбейіп жатыр

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
2248

Бизнес айналымдағы ақшасын қай валютада ұстарын білмеуде.

Халықтың депозиттегі ақшасы азайып, алған несиесі көбейіп жатыр

Артық ақшаны теңгемен жинап жатыр
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы қазанның соңында өткен аймен салыстырғанда еш өзгермей, 17 641,4 млрд теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 9 317,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға өссе, жеке тұлғалардың депозиттері 8 323,5 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 373,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға өсіп, ал шетел валютасында 8 267,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды. Долларлану деңгейі 2018 жылғы қазанның соңында 46,9%-ды құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы қазанда 5 129,8 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 188,1 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 4 243,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға дейін ұлғайды, шетел валютасында 4 079,6 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға азайды.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,9%-ға қысқарып, 12005,5 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютадағы салымдар 6 170,8 млрд теңге, шетел валютасындағы қаржы 5 834,7 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1%-ды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10,7%-ды құрады.

Бизнес доллармен, халық теңгемен несие алады
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы қазанның соңында 12 776,4 млрд теңгені құрап, өткен айдағыдан 0,9%-ға ұлғайып отыр.

Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі 7 595,7 млрд теңгеге дейін, 0,3%-ға, жеке тұлғалардікі 5 180,8 млрд теңгеге дейін, 1,7%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредит портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 8,3%-ды құрайды.

Ұлттық валютадағы кредиттің көлемі бір айда 9 845,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер өзгерген жоқ, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,9%-ға артты.

Шетел валютасындағы кредиттің көлемі 2 930,5 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,9%-ға ұлғайса, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 3,6%-ға азайды.

Теңгемен кредиттеудің үлес салмағы 2018 жылғы қазанның соңында 77,1%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%).

Ұзақ мерзімді кредиттің көлемі бір айда 10 917,5 млрд тенгеге дейін, 0,8%-ға, ал қысқа мерзімді кредиттің көлемі 1 859 млрд теңгеге дейін, 1%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 421,2 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға берген кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15%), сауда (13,6%), құрылыс (6,3%), ауыл шаруашылығы (3,9%) және көлік (4,6%) салаларына тиесілі.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу