Инвестициялық кірісі 25,42 млрд теңгені құрады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
3154

БЖЗҚ қорындағы зейнетақы активтері 9 млрд 502 млн теңгеден асты.  

Инвестициялық кірісі 25,42 млрд теңгені құрады

Қомақты қаржының 67,7%-ы теңгемен, 32,3%-ы шетел валютасымен номинирленген.  

Ұлттық валютамен  номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 65,3 млрд теңге болды. Айта кетерлігі бұл жерде орташа кірістілік жылына 8,7% -ды құрады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 36 млрд теңгеге ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары, 9,3 млрд теңгеге халықаралық қаржы корпорациясының, 5 млрд теңгеге еуразиялық даму банкінің, 10  млрд теңгеге еуропалық қайта құру және даму банкінің, 5 млрд теңгеге "Нұрбанк" АҚ-ның облигациялары сатып алынды.

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымы мен стратегиясына сәйкес инвестицияланды. Мұнда зейнетақы активтерін инвестициялау көрсеткіші 223 млрд теңгеге жетіп, жылдық кірістілік 2,4% болды. Көрсетілген соманың 1,95% - на Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары, 21,63% - на шет елдің мемлекеттік бағалы қағаздары, 43,36% - на Қазақстан эмитенттерінің бағалы қағаздары, 10,09% - на шетел эмитеттерінің бағалы қағаздары сатып алынды.

Жыл басынан есептегенде БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 25,42 млрд теңгені құрады.  2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, БЖЗҚ салымшылары үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы ақпанға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,80% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,99% көрсеткішті сақтап қалды.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу