Орал тұрғындары мәйітхана исінен шошып отыр

1642

Орыстілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы.

Орал тұрғындары мәйітхана исінен шошып отыр

camonitor.kz: "Қазақстан тым мұсылман еліне айналып барады. Ол неге әкеліп соғыуы мүмкін?" деп жазады аталмыш басылым. Қазақстандықтардың дінге тым бет бұра бастауы пандемия кезінде жиі айтылмаса да, өзектілігін жоғалтқан емес. Ол аз болғандай, адамдар дерттен арылу үшін дәрігерге барудан бұрын құдыретті күштерге сыйына бастаған. Бұл отандық медицинаның әлсіздігінен емес, халық білімінің, мәдениетінің төмендеуі. 

Бақылаушылардың пікірінше, халық зайырлы мемлекет тетіктерін пайдаланудан бұрын, құдыретті күшке сыйыну арқылы өз мәдениеті мен білімінің төмендігін көрсетіп қана қоймай, үкіметтің зайырлы мемлекет құрып, зайырлы елге айналамыз деген мақсатына күмән тудырып отыр.

"Мәселе Қазақстан мұсылман еліне айналғанында емес, мәселе халықтың дінге бет бұруы барысында радикалды діни топтардың тарауына қалай жол бермеуге болатынында. Бұл мәселенің алдын алу үшін мемлекет әлеуметтік саясатын түбегейлі өзгерту керек деп есептеймін. Ең болмағанда бұл саясатын ресейлік деңгейге көтеруі қажет. Бұл елде бала күту төлемдері 3 жылға дейін төленеді (Қазақстанда бұл төлемдер бір жылға дейін, аз мөлшерде төленеді), көпбалалы, жалғыз басты әйелдерге де жәрдемақы беріледі. Дәрігерлер мен әскери сала мамандарына, ұстаздарға және де өзге бюджет саласының мамандарына көмек көрсетіледі", – дейді танымал тарихшы Нұртай Мұстафаев.

liter.kz: Жаңа оқу жылының алқашқы тоқсанында қазақстандық оқушылар білімді қашықтан ала бастайды. Мемлекеттің Денсаулық сақтау министрлігі білімді мектепке барып алу қауіпті дегенді айтып отыр. Сол себептен балалар білімді қашықтан алады. Алайда бұл мәселеге деген ата-аналардың пікірі әртүрлі. 

Ата-аналардың бір бөлігі бұл білім берудің ең қауіпсіз түрі десе, екінші бір бөлігі білім берудің мұндай әдісі оқушыларға кері әсер етіп, оларды ойынқұмарлыққа және есірткіге әкеліп соғады деген пікірді ұстанып отыр.

"Қашықтан білім алу әдісі әр адамға жаға бермейді. Себебі ол үшін адам білімге саналы түрде қарауға тиіс. Ал кішкентай бүлдіршіндердің даму психикасы тұрақты емес, сол себептен олар өз бетімен білім алуға дайын емес. Мұнымен қоса олар өз бетімен керек ақпаратты да іздей алмайды. Сол себептен қашықтан білім алу дәстүрлі түрдегі білім алу талаптарына сай келмейді, тек қазіргідей форс-мажор жағдайда ғана болмаса", – дейді социалог маман Камила Ковязина.

express-k.kz: "Данышпанның әпкесі" деп аталады аталмыш басылым бетіне шыққан Зира Наурызбаеваның мақаласы. Бұл мақаланы автор Қазақстандағы мифология ғылымын қалыптастырушы Серікбол Қондыбайдың әпкесі Балсұлу Қондыбайға арнаған. 

Шілденің 22-сі күні Балсұлу Қондыбаева 65 жасқа толған. Осы күнге орай танымал мәдениеттанушы Зира Наурызбаева туған күн иесі жайында өз мақаласын жариялаған. Аталмыш мақалада Балсұлу Қондыбайдың еңбеккорлығы, қайраттылығы сипатталған. Оны сипаттау үшін мәдениеттанушы осыдан 10 жыл бұрын орын алған оқиғаны еске алады. 2010 жылы Балсұлу Қондыбай мәдениеттанушы Зира Наурызбаевамен бірге халықаралық түркологиялық конференцияға қатысу үшін Уфа қаласына барған, автор сапар барысында осы оқиғаларды есіне алған.

Зира Наурызбаеваның сөзіне қарағанда Балсұлу Қондыбай 12 жасында әкесінен айрылып қалған, анасы 5 баламен, құрсағындағы бір сәбимен қалған. Анасы жыламас үшін оның ішіндегі баласына зиян тимесін деп, Балсұлу аяғы ауыр анасына түнделетіп ертегі оқиды екен. Бұл ертегілерді анасының құрсағында жатқан данышпан ғалым Серікбол Қондыбай тыңдаған.

"Ол он жылдай қимылсыз қалған бауыры Серіболға қамқоршы болған. Оны жұмыс істеуге ынталандырған, бауыры кітап шығару үшін демеушілерді таба білген. Әпкесінің арқасында Серікбол көзі тірісінде 10 кітабы шыққанын көріп кеткен, оның ішінде "Арғықазақ мифологиясы" атты төрт томдығы да бар. Бауыры қайтқаннан бері 16 жыл өтсе де Балсұлу оның мұрасын насихаттап келеді, бар туған-туысқандарына және Қондыбайтанумен шұғылданып жүрген азаматтарға көмектесіп келеді", – деп жазған Зира Наурызбаева.

caravan.kz: "Оралдағы мәйітханада өліктер шіріп жатыр" деп хабарлайды аталмыш газет. Басылымның хабарлауынша, қайтыс болған туысқандарының мәйітін алып кетуге келген Орал тұрғындары мәйітхана иісінен шошыған. Себебі мәйітхана иісінің сасығаны соншалықты, адамдар мекемеге жақындай алмаған. 

Мәйітханадағы өлікті алып кету үшін Орал қаласының тұрғындары 40 градустық ыстықта 5-6 сағат күткен. Сөйтіп мәйітхана сыртында тұрғандар мәйітханадағы марқұмдардың денесі шіріп жатқанын түсінген.

"Мәйітхана иісінен оның есігіне жақындау қиын. Біздің туысқанымыз суға кетіп қайтыс болған еді. Оның денесі 2 күн суда болғандықтан енді мүлдем іріп жатқан шығар деп алаңдап тұрмыз. Оны қалай жерлейміз? Мұздатқыш істен шығып қалғандықтан өлікті бере алмай жатырмыз деді бізге", – дейді мәйітханаға келген Алтын Жолсариева.

Орал қаласының тұрғындары бұл мәселені көтерудің нәтижесінде не себептен мәйтханадағы мәйіттер шіріп жатқаны белгілі болған. Газеттің мәліметі бойынша, бұл мәйітханада сұраусыз қалған екі дененің иісі болып шыққан. Бұл өліктерді мамандар дер кезінде жерлемегендіктен олар шіри бастаған.

Гүлмира Қамзиева


Telegram каналымызға жазылыңыз! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу