Тілдерді дамыту бағдарламасы: бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр?

1654

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Тілдерді дамыту бағдарламасы: бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр?

fergana.ru: "Қазақстан жемқорлықты қабылдау индексінде 113 орынға ие болып, 2019 жылы 34 балл жинаған" деп хабарлайды басылым. Мемлекет мұндай жетістікке рейтинг құрылғалы бері алғаш рет қол жеткізіп отыр. Жемқорлыққа қарсы Transparency International атты қозғалыс жыл сайын әзірлейтін индекс қаңтардың 23 күні жарияланған болатын. Бұл құжатта 180 мемлекеттің рейтингі көрсетілген. Қазақстан 113-орынды Филиппин, Замбия, Непал, Сальвадор және Свазиленд мемлекеттерімен бөліскен.

"Бұл индекс бойынша мемлекет 28 балл жинап, 137- орынға ие болған Ресейден озып кетті. Сонымен қатар, Орта Азия елдері арасында Қазақстанның көрсеткіші жоғары болып тұр. Өзбекстан мен Тәжікстан 25 балл жинап, рейтингте 153- орынға ие болған. Түрікменстан 19 ұпай жинап, 165-орынды иемденген, ал Қырғызстан 126-орында (30 ,балл)"  деп жазады басылым.

camonitor.kz : Басылым "Тілдерді дамыту бағдарламасы: бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр?" деген тақырыпты қарастырады. Аты айтып тұрғандай, бұл мақалада қазақ тілі мәселесі көтерліп отыр. Өкімхат бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгеруі керек еді. Алайда көптеген бюджет қаражаты жұмсалса да, мемлекет бұл мақсатқа қол жеткізе алмады.

Тілдерді дамытуға арналған он жылдық бағдарламалардың соңғысы Жаңа жылдың алдында аяқталды. Осы бағдарлама арқылы бұл құжатты әзірлеушілер мемлекеттік тіл өрісін кеңейтіп, әдістемені жетілдіруді көздеген болатын. Алайда "боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады" дегеннің кері келіп тұр.

"Әрине, соңғы жылдары қазақ тілінің қолдану аясы кеңейді. Қазақ тілінде білім беретін мектеп, балабақша саны артып, іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу процессі артты. Отандық телеарналар қазақ тілінде сөйлей бастады. Алайда осының барлығы мемлекеттік тіл бағдарламасы арқылы жүзеге асты деуге бола ма? Әрине, жоқ. Мәдениет министрлігінің бұл істерге қосқан үлесін Димаштың әлемдегі жетістігіне қосқан үлесімен теңестіруге болады. Ал министрлікте бұл жайында түрлі әңгіме айтып, неше түрлі ой білдіруі мүмкін, осы арқылы олар күлкіге айналуда" деп жазады мақала авторы.

Сонымен қатар мақала авторы соңғы 20 жылда мемлекеттік тілді дамытуға қанша қаражат жұмсалғанын көрсеткен. Басылым дерегі бойынша 2011-2019 жылдары аралығында үкімет 36 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Ал бұл бағдарламадан бұрын іске асқан 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға 3 млрд теңгеден астам қаражат кеткен.

Liter.kz: "Куба азаматы өз махаббаты үшін Қазақстан азаматтығын алған" деп хабарлайды республикалық басылым. Қазіргі кезде ол Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка қаласында тұрады. Осы өңірде тұрып жатқанына 27 жыл болған.  

Бұрын Куба азаматы болған Луис Орландо Аренсибия болашақ жарымен 1981 жылы Алматыда оқып жүргенде танысқан. Халида Шагвалеева есемді ғашығын Луис оқу бітіріп, Кубаға кеткенде де ұмыта алмаған. Отбасылық жағдайға байланысты Гаванаға оралған жігіт, жоғарғы оқу орынын сол жақта жалғастырып аяқтайды. Кейін Мәскеуде аспирантураға түседі, сонда жүріп өз ғашығымен қайта табысады. Алғашында жас отбасы Кубада тұрған, алайда Халида еліне қайтқысы келіп, олар 1992 жылы Қазақстанға оралады. Сөйтіп Солтүстік Қазақстан облысына барады.

"Бәрінен де аяз бен қарға үйренуім қиын болды. Ылғи тоңып жүретінмін, мектепке ұстаз – дене шынықтыру пәні мұғалімі болып орналастым. Алайда айлықты уақытында төлемегендіктен, кәсіпкер болып алдым",– дейді Луис.

Қазіргі кезде ол суыққа үйреніп алған, таңғы сағат 6-да ұйқыдан тұрып, қар тазалайды. Бір баласы бар. Болашақта немере тәрбиелесем деп армандайды. Оның сөзіне жүгінсек, жаңа елге ол тез сіңіп кеткен, себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан аса қиналмаған. 

sputniknews.kz: Татарстан президенті Рустам Минниханов ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты деп жазады басылым.

Президенті Рустам Минниханов ақынның "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" атты өлеңін оқып беріп, эстафетаны Қазақстандағы татар диаспорасына жолдады. 

"Қазақ халқының ұлы ұрпағы, ақын әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын досым әрі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтан қабылдап, оны туысқандарыма, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан татар диаспорасына жолдаймын", – деген Татарстан президенті.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу