Қазақ тілі мен білімді қалай қорғауға болады

2048

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz –тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазақ тілі мен білімді қалай қорғауға болады

Kursiv.kz: "Қазақстандағы 60 астам жоғарғы оқу орнының түлектері жұмыссыздар қатарын толтырмақ" деп жазады басылым. Бұл жайында баспасөз мәслихаты барысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төраға орынбасары Олжас Ордабаев айтқан.   "Қазақстандағы 61 жоғарғы оқу орнының түлектерінің тең жартысы ғана жұмыспен қамтылады. Қалғандары жұмыссыздар қатарын толтырады", – деп мәлімдеді Олжас Ордабаев.

Оның пайымдауынша, мұндай жағдайдың қалыптасуына жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында бизнес сұранысын ескермеуі себеп болып отыр. Сонымен қатар Олжас Ордабаевтың айтуынша, жұмыс берушілер жас мамандардың білімі мен біліктілігіне 32% ғана қанағаттанып отыр.

Сол себептен мамандар білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескеру керектігін айтып отыр. Мұндай ескертулерді естен шығармаған жоғарғы оқу орындары жоғарғы рейтингке ие. Осының арқасында түлектері толығымен жұмыспен қамтылады.

kp.kz: "Қазаққа шотлад белдемшесін кигізсе, жарасады ма?" деп жазады интернет-басылым. Мұндай сұрақты сенатор Бектас Бекназаров парламент отырысы барысында отандық білім беру жүйесін талқылау барысында қойған. Оның пікірінше, әр елдің өз "менталитеті" бар. Өз пікірін білдіру барысында депутат шетелдік тәжірибеге сүйенбес бұрын сан емес сапа жағын қарастыру керек дегенді айтты. 

"Шетелдік тәжірибе дұрыс деп, кім кепіл бере алады? Әр мемлекеттің өз ерекшелігі, өз заңы мен құрылымы, менталитеті мен талабы бар. Әр ел өзінше ерекше. Мәселен, Шотландия азаматтары белдемше киіп жүреді. Қазір біз сол белдемшені шетелдік тәжірибе ретінде қазаққа кигізсек, дұрыс бола ма? Әрине, дұрыс емес! Біз енгізілетін жаңа өзгерістер біздің мүддемізге қаншалықты сай келетінін тексеруіміз керек",– деді Бектас Бекназаров Білім және ғылым министріне.  

Liter.kz: "Оңтүстіктегі бүлдіршіндер мектепке темір жол рельсінен өтіп барады" деп хабарлайды аталмыш газет. Қызылорда облысындағы Сексеуіл ауылының балалары мектепке бару үшін  күнде тәуекелге бел буы керек, себебі өмірлеріне қауіп төндіріп, темір жол рельсінен өтеді.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Twitter парақшасында "Egemen Qazaqstan" газетінде шыққан мақаласына сілтеме жасаған. Бұл мақалада Қызылорда облысындағы Сексеуіл ауылының балалары мектепке бару үшін қауіпті жолмен жүруге мәжбүр делінген", – деп жазады басылым.
Республикалық газетте жазылған мақалада 360 бала мектепке жету үшін 13 темір жол рельсінен өтуі керектігі көрсетілген.

"Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін үкімет нақты шара қабылдауы керек", – деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Twitter парақшасында.   

Stanradar.com: "Қазақ тілі мен білімді қалай қорғауға болады?"  деп сұрақ қояды басылым. Қазақтан билігі қазақ мектептері латын әліпбиіне әзірге көшпейтінін хабарлады. Бұл ұлттық саясатпен білім және мәдениет саласында мәселе бар деген сөз. Ал ресми дерек бойынша қазақ тілі мен қазақ мәдениеті қолдауды қажет етеді.

Басылым жариялаған дерек бойынша, қазақ тіліне деген қызығушылық өзге ұлт емес қазақтардың арасында азайып бара жатыр. Жастардың үштен бір бөлігі шетелде білім алып, сонда қалуды көздейді. Оқушылар мен шенеуніктер республикадағы білім деңгейінің төмен түскенін айтып отыр.

"Қазақстанның білім берумен шұғылданатын мекемесі соңғы жылдары мектеп түлектерінің 80-90% Ұлттық бірыңғай тесті мемлекеттік тілде тапсырады деп хабарлап отыр. Алайда Білім министрлігінің цифраларына қарасаңыз, өзге картинаны көресіз. Себебі 2018 жылы мектепті 146 мың бала бітірсе, ҰБТ-ны қазақ тілінде тек 73 мың бала тапсырған, демек 80%  емес 50% болып тұр. 2019 жылы 146 мың түлектің 73 мыңы ғана (51%) тесті мемлекеттік тілде тапсырған. Неге? Ресми билік өкілдері Ұлттық бірыңғай тестен бас тартып, Қазақстаннан өзге жерде оқығысы келетіндер жайында айтқысы келмейді. Себебі олар емтихан тапсырысып, қазақ тілінде білім алуды көздеп отырған жоқ. 2016 жылы түлектердің 28%-ы кетіп қалды, 2018 жылы 33%, ал 2019 жылы бас тартқандардың көрсеткіші 32-33% жеткен. Олардың басым бөлігі Ресейге кетіп жатыр. 2019 жылдың өзінде 59 мың қазақ студенті кеткен", – деп жазады басылым.

Fergana.agency: "Сириядан оралған қазақстандықтар терроризм үшін сотталды" деп жазады бұл басылым. Нұр-Сұлтан қаласының соты Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты үкім шығарды.  Басылымның хабарлауынша, сот үкімін Әділхан Шайхисламов
есімді судья оқыған. Тергеу нәтижесінде айыптылардың ДАИШ содырлары болғаны анықталып, оларға 8 жылдан 14 жылға дейін бас  бостандықтарынан айырылды және айыппұл төлейді.  

"Бұл азаматтар Қазақстанның Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып отыр. Террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды", – деп жазады басылым.   

Айыпталған 14 азаматтың барлығы барлық сот отырысында болғанымен, біреуі сот процессіне видеоконференция арқылы қатысып жүрген. Себебі ол жарқыншақ тиіп жараланып,сал болып қалған.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу