Қазақстанның Ауғанстанға көрсеткен көмегі мақтауға тұрарлық

7588

Американың Ауғанстанға қатысты стратегиясында осылай деп жазылған.

Қазақстанның Ауғанстанға көрсеткен көмегі мақтауға тұрарлық

Abctv.kz 18 қазан күні Washington Times-те жарық көрген "Орталық Азия АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін"  деген материалдың аудармасын ұсынып отыр.

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Ауғанстандағы ұзаққа созылған соғысына қатысты жаңа америкалық стратегияны ұсынды.

Стратегиядағы ең басты өзгеріс – АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне пайдасы болмаған Барак Обама әкімшілігі қолданған "мерзімдер" тұжырымдамасынан "шарттар" тұжырымдамасына көшу. Басқаша айтқанда АҚШ өз әскерін Ауғанстаннан шығармас бұрын аймақтағы өз жұмысының нақты нәтижесін көргісі келеді. Американың әскері әлі күнге дейін Оңтүстік Корея, Жапония және Германия жерлерінде тұрақтылықты қамтамасыз етуде.

Дей тұрғанмен АҚШ-тың біздің қауіпсіздігімізге үлкен әсері бар бұл аймақтарда бейбіт өмірді қолдауға қаржылық ресурсы да, саяси еркі де жоқтығы белгілі болып қалды.

Америка әрі-сәрі күйде отыр. Біз ауған үкіметіне еркін әрекет етуге мүмкіндік бере алмаймыз, сол секілді бұл елдің бізге қарсы әрекет ететін лаңкестіктің ордасы болуына да жол бермеуіміз керек.

Бұл диллеманың жауабы көршілес мемлекеттер мен аймақтық державалар Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық ісінде көшбасшылықты өздеріне алу керек деген сөз. Американың қарулы күштері жергілікті жерлерде жағдайды өзгерте алады, бірақта аймақта ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету процесіне аймақ елдерін дәйекпен жұмылдыру арқылы жүргізілуге тиіс.  

Өңірдегі ойыншылар ауған факторларын біледі әрі олардың бірқатарымен он жылдан артық уақыт жұмыс істеді. Трамптың әкімшілігі мұны мойындаса керек, аймақ елдерімен қарым-қатынасты нығайту мен қалыпқа келтіруге бар күшін салды.

Бұл процеске ең бірінші кезекте Орталық Азия елдері, оның ішінде ең ірі және дамыған – Қазақстан мен Өзбекстан тартылуға тиіс. Олардың бұған әлеуеті жетеді, сондай-ақ қажетті қаржы мен қатысуға деген саяси еркі жетерлік. Сонымен қатар олардың Ауғанстанға қатысты жасаған жұмыстарының нақты нәтижесі бар.

Қазақстан Ауғанстанға шамамен 20 млрд доллардың гуманитарлық көмегін көрсеткен, сонымен қатар ауғанстандықтарды өз елінің үздік университеттерінде оқыту үшін құны 50 млн доллар болатын бағдарламаны іске асырып жатыр. Әрине, мұндай көмекті атап айтып, қолдаған жөн.

Ауғанстанға Өзбекстанның да  пайдасы бар. Мазари – Шариф – Герат темір жолын жобалау және салу жұмысына Өзбекстанның қатысуы Ауғанстан экономикасының әлеуетін арттыруға көмек болады. Хайратон – Кабул  электр беру желісін пайдалануға бергеннен кейін 2010 жылы Өзбекстаннан берілген электр энергиясы екі есе артып, 150-ден 300 мВт-қа дейін жеткен.

Маусым айының басында Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде  Өзбекстан Ауғанстанға минералды тыңайтқыш, ауыл шаруашылық техникасын, астық және басқа азық-түлікті жеткізуді едәуір арттырғанын айтқан еді.

Трамп әкімшілігінің пікірінше, соңғы бірнеше жылда Ауғанстанның болашағына айтарлықтай әсер етіп, сондай-ақ елдегі америкалық және шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігі саласына жұмыс жасаған Орталық Азиядағы Американың мүддесі үшін Қазақстан мен Өзбекстан шешуші рөл атқарады.

Бұған жақында АҚШ пен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастықтың бес жылдық жоспарын жаңартуы куә. "Кездесу барысында... Қазақстан мен Құрама Штат арасындағы әскери ынтымақтастық талқыланып, алдағы бес жылда өзараәрекет етудің бағытын нақтылайтын 2018-2022 жылдарға арналған әскери ынтымақтастықтың жаңа бес жылдық жоспарына қол қойылды", – деп көрсетілген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бұл құжатқа қатысты мәлімдемесінде.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың қыркүйек айында телефон арқылы болған әңгімесінен кейін Ақ үй "Трамп Қазақстанның аймақтық және жаһандық көшбасшылығына, оның ішінде қаңтар айында БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде төрағалық ететінін атап  ризашылығын білдірді де, Нұрсұлтан Назарбаевты ЕХРО 2017 көрмесін өткізуімен құттықтады" деп жазды. Осылайша АҚШ президентінің әкімшілігі Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап көрсетті. Әлемнің тұрақсыздық орнаған аймағында осындай маңызды ойыншымен достықты нығайту АҚШ пен НАТО мүддесіне сай келеді.

Қазақстан бейбіт келіссөз жүргізуге жәрдемдесуде маңызды рөл атқарып жүр, атап айтар болсақ, Астана Сүриядағы азаматтық соғысқа қатысты бейбіт келіссөз жасаушыларды қабылдады.

Атом энергетикасы бойынша МАГАТЭ-нің шеңберінде елде төменбайытылған уран банкін орналастыру, ядролық қаруды таратпау  мәселесінен кейін Қазақстанның рөлі одан сайын  артты. Төменбайытылған уран банкін орналастыру ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдануға мүмкіндік береді де, жекелеген елдердің уранды байытудағы қуатын дамытуға қатысты әрекеттерін жояды.

АҚШ аймақта жауапты сындарлы саясатты жүргізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуде серіктес болу үшін Қазақстанға сенім артуға тиіс. Қазақстан президенті Ресейге тәуелді емес екенін көрсетіп, мектептерде ағылшын тілін оқытудың үшінші тілі деп жариялады да, Кеңес одағы кезінде енгізілген кириллицадағы қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіріп жатыр.

Ал Өзбекстан болса бірнеше жылғы автократиядан кейін өзінің экономикасын арттыруға ұмылып, шетелдік инвесторларлы тартып жатыр. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяевтың қыркүйек айында АҚШ-қа барған сапары сәтті өтіп, нәтижесінде қауіпсіздік пен экономика саласындағы америкалық-өзбек қарым-қатынасы қайта жанданды.

Тағы бір айта кетерлік маңызды нәрсе, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов көз жұмған соң Ташкентте ел басшысы ауысқан сәттен бастап бір жыл ішінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жақсарып, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Екі ел арасында жасалған көптеген коммерциялық келісімшартқа қосымша саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы оң қадамдармен қатар жақында екі үкімет арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Әлемдегі тұрақсыздықты ескере отырып, Орталық Азиядағы Қазақстан мен Өзбекстанның ұзақмерзімді серіктестігі Еуразия мен Ауғанстандағы америкалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетіні сөзсіз.

Ілияс Омаровтың аудармасы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу