Киберқауіпсіздікке қарсы орталық құрылады

9601

Чат-бот 299 сұраққа виртуалды жауап береді.

Киберқауіпсіздікке қарсы орталық құрылады

Соңғы 10 жылда egov.kz порталын пайдаланушылар саны 800 есе өсіп, 8,6 млн адамнан асты.

Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың сөзінше, былтыр egov.kz порталы арқылы көрсетілетін 235 түрлі мемлекеттік қызметке 27,5 млн рет жүгінді. Ал телеграмм-бот арқылы көрсетілетін 24 электронды қызметке қатысты 141 мың адамнан 160 мың сұрау келіп түсті.

"2018 жылдың қорытындысы бойынша, telegram мессенджерінде мекенжай анықтамасы 60 мың, азаматтардың саотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама 20 мың рет сұралды", – деді Әсет Тұрысов.

Басқарма төрағасының баяндауынша, egov.kz порталының 5 қызметі "Касса 24" терминалдарына ілікі жоба ретінде пайдалануға берілген.

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданысқа виртуалды кеңес беру бағдарламасы, яғни чат-бот енгізіледі. Қазіргі уақытта чат-бот 1414.kz форумында, egov.kz порталында, telegram, facebook мессенджерінде іске қосылапды. Виртуалды кеңес беру бағдарламасы 33 мемлекеттік қызмет бойынша 299 сұраққа жауап бере алады", – деді Әсет Тұрысов.

Басқарма төрағасының сөзінше, "Мgov" қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік сәйкестігі бойынша аттестациядан сәтті өткен. Қазір ол қосымша арқылы 90-ға жуық, ал @EgovKzBot телеграмы арқылы 24 түрлі мемлекеттік қызмет ұсынып отыр.

"2018 жылы "Мgov" қосымшасы 1,3 млн рет жүктелді. Ал қосымша арқылы көрсетілген қызмет түрі 3,6 миллионға жетті", – деді Әсет Тұрысов.

Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығымен бірлесіп, киберқауіпсіздікті күшейтуге күш жұмсайды екен. Мақсатқа жету үшін Security Operation Center (SOC) құрылатын көрінеді.

"Былтыр қауіпсіздік жүйесіне жасалған 142 930 274 шабуыл бұғатталды. SOC орталығы ақпараттық қауіпсіздікке тұрақты мониторинг жүргізіп, түрлі шабуылдардың алдын алуда маңызды рөл атқарады", – деп қорытты сөзін Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ басқарма төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу