Мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы Жалғас Балғожин мекеменің туристік сала қызметі классификаторын кеңейту ойы туралы айтты.
"Қазір жаңадан қабылданған туристік саланы 2023 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын есепке ала отырып мәдениет және спорт министрлігінде жаңа заң жобасын әзірлеп жатырмыз", - деді мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы Жалғас Балғожин.
Ол осы заң жобасында экономикалық қызметтің жалпы классификаторын "Бизнестің жол картасы -2020" бойынша кеңейтетіндерін айтты.
Оның сөзінше, заң жобасының актісінде туризммен тікелей немесе жанама түрде байланысатын жаңа қызметтердің пайда болуы туристік саланы мемлекеттік қолдау аясында қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Әңгіме кәдесый өнімдерін өндіру туралы, сондай-ақ қолөнер - киізден жасалатын және қыш-құмыра кәдесыйлықтарын жасау жайында болып отыр.
"Яғни дәл осы туристік индустрияны құрайтын сегменттерге көмек көрсетуді негізге алып отырмыз", - деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы.
Министрліктің "киізден жасалатын" өнімдерге басымдық жасауы тегін емес, өйткені оны дамыту Қазақстанда этнотуризмді дамыту қажет екенінде көрсетеді.
"Шетелдіктерді біздің төл мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз қызықтырады, кәсіпкерлер бұған үйреніп алған, олар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен этноауыл құруда", - деді ол.
"Шетелдіктерге ұсынылып жатқан керемет қонақүйлер жақсы, әрине. Бірақ та оларды біздің мәдениетіміз, тұрмыс-тіршілігіміз қызықтырады. Дәл қазіргі уақытта киіз үй қонақүйлерінің сегментін көтеруіміз керек. Бұл жайлы бірінші рет айтылып отырған жоқ, осыған дейін де мәселе көтерген болатынбыз. Егер өзіміздің туристік индустриямызды Моңғолия және Қытаймен салыстыратын болсақ, онда біз ұлттық туристік өнім жасау бойынша олардан артта қалып отырмыз. Этнографиялық туризмді дамытуды одан әрі жетілдіруіміз керек. Осы арқылы өзіміздің ұлттық дастарханымызды, дәстүрімізді, кәдесыйларымызды көрсетуіміз керек", - дейді ол.
Мұнымен қоса Қазақстанда жаңа туристік бағыт көлік керуенін, яғни шетелдіктердің өз көліктерімен елді аралауын дамыту қолға алынды.
"Туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасында автотуризм- көлік керуенін де кіргіздік. Бұл мүлдем жаңа сегмент. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев осыған арнап үлкен жер бөлді. Себебі елорда мұндай халықаралық деңгейдегі автотуризм үшін дамыған болуы керек. Осы бағытта үлкен сарапшылар тобы жұмыс істеп жатыр", - деді ол.
Ол жол бойында қызмет көрсететін нысандарды салу жайына тоқталды. Бұл жерде автотуристер көліктеріне бензин құйып, тамақтануы тиіс.
Оның сөзінше, осы саланы дамыту үшін Қазақстанның төрт өңірі кіретін Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінде де біраз жұмыс жасалып жытыр.
Гүлназ Ермағанбетова, Игорь Воротной